Ертең, 28 қарашада Әбу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі басталады. Осы орайда ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобазде Olympic.kz сайтына сұхбатында дайындықтың жай-жапсары жайлы айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді. — Эр-Риядта өткен жарыста белдескен спортшыларға баға берсеңіз. Неліктен дәл осындай құрамды шығаруды жөн көрдіңіз? — Ислам ойындары біз үшін ойдағыдай болды деп ойлаймын. Бұған дейінгі Ислам ойындарында Қазақстан құрамасы небәрі ...
Read More »Author Archives: admin
UEFA Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев тағы да өзіне назар аудартты
Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Данияның «Копенгаген» клубымен ойнап, одан 2:3 есебімен жеңілді. Ол 81-минутта «Копенгаген» командасы қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп, Сәтпаев 17 жасында UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді. Сонымен бірге Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Бүгін ол 17 жас 105 күн толып отыр. Ал тізімнің көш басында ...
Read More »Олимпиялық ойындардың алауы жағылды
Ежелгі Олимпияда (Грекия) 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиялық ойындардың алауы салтанатты түрде жағылды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рәсім дәстүр бойынша Гера храмында емес, Археологиялық мұражайдың ішкі залында болды. Бас діни қызметкердің рөлін биыл да актриса Мэри Мина атқарды. Салтанатты іс-шараға Грекия президенті Константинос Тасулас, Халықаралық Олимпиялық комитеттің басшысы Кирсти Ковентри, 2026 жылғы ...
Read More »Қазақстан құрамасы XXV жазғы Сурдлимпиадада 25 медаль алды
Бүгін Жапонияның астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Ең көп жүлдеге сурдо дзюдо спортшылары ие болды. Аталған спорт түрінен отандық спортшылар 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль алып, барлығы 11 жүлдені иеленді. Осы нәтижемен Қазақстан дзюдошылары жалпыкомандалық ...
Read More »«Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі
Алматыдағы «Атакент» іскерлік орталығындағы «Бақшарасайда» «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі өтті. Өндірістің барлық саласын қамтитын және іскерлік орта өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бұл шараға Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің барлығы дерлік қатысты. Ол алдағы уақытта дәстүрлі түрде әр елде өз жалғасын таппақ. Еуразия елдерінің мәдени, тарихи, қолөнер және туристік әлеуетін біріктіруге арналған бұл шараны елімізде Қазақстанның туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы ...
Read More »Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...
Read More »Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қазақстан клубтары элитада ойнайды
Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі алғашқы ойындарын ойнады. Бұл жолы «Қайрат» жасағы сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубымен күш сынасты. Матч басталғанда Алматының командасы жылдам гол соғып үлгерді. Бұл голды 1-минутта Кайо Руиз соқты. Бельгиялық команда да қол қусырып отырмады. Олар үш голмен жауап берді. Ранжел 2-минутта, Грелло 3-минутта допты торға тулатса, 10-минутта Эрик ...
Read More »Рахмонов пен Махачев UFC-де жекпе-жекке шығуы мүмкін
Катардағы UFC Fight Night 256 турнирінде Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресейлік жаңа чемпион Ислам Махачевпен кездесті, деп хабарлады Kazinform. Шавкат Катар турнирінде Асу Алмабаевты, ал Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековті қолдады. Шавкат пен Ислам кездесуден кейін өз ойларын айтты. — Иә, жаңа жұлдыздар жанып келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті — Пратес, Моралес. Екеуі де мықты. Біздің ...
Read More »«Бокс — тек шаршы алаңда емес, одан тыс жерде де күресетін спорт түрі»: Головкин БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді
Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша Қазақстан тарихында халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында World Boxing басшысы жаңа қызметін Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетіндегі жұмыспен үйлестіру жайлы, сондай-ақ әуесқой боксқа оралуының себептері мен жаңа лауазымдағы негізгі бағыттары туралы айтып берді. – Геннадий ...
Read More »Геннадий Головкин World Boxing президенті болып сайланды
Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиялық комитет хабарлады. Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы Қазақстан азаматы ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі — үш жыл. -Мен боксқа қатысты жолдың барлық кезеңінен өттім. Спортшы болып, Олимпиялық ойындарда ел намысын қорғадым. Кейін әлем чемпионы атандым. Енді міне, спорт саласында көшбасшы ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары