Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін екеуі бір-бірімен алты рет ойнаған еді. Соның бесеуінде рыбакинаның мерейі үстем болған. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қарсыласынан 4:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 6:3 есебімен ...
Read More »Author Archives: admin
World Boxing: Қазақстан жастары құрмет тұғырына көтерілді
Бүгін Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында жаңадан құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымының (World Boxing) ұйымдастыруымен өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсының ерлер және қыздар командалары 9 медальді иеленді. Олардың бесеуі алтын жүлде болса, төртеуі күміс медаль. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәли Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен ...
Read More »Елімізде алғаш рет Азиядағы беделді спорт ұйымының басқосуы басталды
Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен және халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) конференциясы мен VII Бас ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет елімізде ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат қатысып жатыр. Жиынның салтанатты ашылу ...
Read More »Сейілхан Болатбек – XII Дүниежүзілік ойындардың қола жүлдегері!
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсудан не-ваза бөлімі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде Сейілхан Болатбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз жүлделі орын үшін таласта Канада өкілі Майкл Шиханмен жолығып, 2:0 есебімен басым түсті. Одан бөлек, 69 келідегі Нұржан Батырбеков 3-орын үшін айқаста Оңтүстік Корея спортшысы Сеонг ...
Read More »Демеу Жадыраев Гран-при турнирін жеңіп алды
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Гран-при турнирінде Демеу Жадыраев Олимпиададан кейін алғаш рет кілемге шыға салысымен жеңімпаз атанды. Бұл турнирде Қазақстан балуандары 7 медальға алды. Оның екеуі – алтын жүлде. Атап айтқанда, 77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев жеңімпаз болса, 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да үздік атанды. Ербол Камалиев (60 келіге дейін) пен Омар Сатаев (82 келіге ...
Read More »Cranberry Cup International 2025: Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартты
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болып, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Софья Самоделкина — 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының лицензия иегері. Қорытынды нәтиже: Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 207,61 ...
Read More »Жәнібек Әбу-Бәкір – XII Дүниежүзілік ойындардың чемпионы!
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан спортшыларының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Джиу-джитсудан әлем чемпионы, 69 кг салмақтағы Жәнібек Әбу-Бәкір финалда Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді. Жарыстағы жолы: Топтық кезең. Райан Проаг — 50:0 Фарид Бен Али — 17:14 Жартылай финал: Ерасмо Пагано — 20:4 ...
Read More »World Boxing: Қазақстан ерлер құрамасында бір алтын жүлде
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында 19 жасқа дейнгі жас жігіттер бес рет финалға шығып, бір алтын мен төрт күміс медальға ие болды. Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндіс Хемант Сангванды жеңіп, Азия чемпионы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек Иран өкілі Али Чигриханиден жеңіліп, күміс жүлдені иеленді. 70 ...
Read More »World Boxing: Қазақстан қыздар құрамасы жеті жүлде алды
Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында Бүкіл әлемдік бокс одағының (World Boxing) ұйымдастыруымен 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен жарысты аяқтады. Сары құрлық додасында бұрымды боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 кг) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда үнді Критика Уасанды 3:2 есебімен жеңді. ...
Read More »Cranberry Cup International: Софья Самоделкина екінші орыннан көрінді
АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Cranberry Cup International 2025 атты Челленджер сериясындағы халықаралық турнирінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 65.80 ұпай жинап, 20 спортшы қатысқан сында екінші орын алды. Бүгін Софья Самоделкина еркін бағдарламада сынға түседі. Әйелдер арасындағы жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жалпы, бұл жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Осыған дейін Софья Самоделкина 2026 жылы ...
Read More »