Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Шорт-трек федерациясы. Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдені жеңіп алды. Спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды. ...
Read More »Author Archives: admin
Александра Скороходова тау шаңғысынан жеңімпаз атанды
Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды. Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үшінші орынға АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Сайыпқыран. Жас балуанның жарқын жеңісі
Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ауданымыздың мақтанышы Рауан Ғазизов жақсы нәтиже көрсетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған додада жас балуан Ерейментау ауданының абыройын асқақтатты. Чемпионатта ол алты рет бозкілемге шығып, соның бесеуінде жеңіске жетіп, тек бір белдесуде ғана жеңіліс тапты. Рауан финалда Қызылорда облысының балуанымен күш сынасты. Тартысқа толы белдесулер жас спортшының жарысқа дайындығын, табандылығын және жеңіске деген жігерін ...
Read More »Стенд атудан АЧ: Қазақстан тағы бір алтын жүлде алды
Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдені иеленді. Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина мен Наргиза Сарманова алтын медальді жеңіп алды. Олар «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік атанды. Сонымен бірге «трап» дисциплинасында отандастарымыз жекелей сында да жақсы өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі ...
Read More »Түркістанда Қазақстан чемпионатына 1052 шахматшы қатысып жатыр
Түркістан қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Дүбірлі сынға еліміздің барлық өңірінен 1052 спортшы тіркеліп, сынға түсіп жатыр. Чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. – Қасиетті Түркістан қаласына қош келідіңіздер! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде зияткерлік спорт түрлерін, оның ішінде шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ...
Read More »Қыр астында — Ақ Олимпиада
Биыл – қысқы Олимпиада жылы. Биыл тағы да сайыпқырандарымыз төрт жылда бір келетін осынау дүрмекті додада бақ сынайды. Бұл байрақты бәсеке 7-16 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында болады. Ойындардың ресми белгілері – Тина және Мило атты екі ақкіс. Олардың эскизін мектеп оқушылары әзірлеген. Барлығы 1600 дизайн ұсынысы қабылданған. Италия тарихта төртінші рет Олимпия ойындарын өткізеді. Миланда алғаш рет ...
Read More »Тараздан шыққан талант: Бекарыс Атыбектің жарыстарға дейінгі жолы
Шаңғы қоссайысшысы Бекарыс Атыбек елде өнер көрсетіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп жүрген талантты спортшы. Ол Финляндия, Норвегия, Польша мен Ресейде жалауы көтерілген жарыстарға қатысып, көзге түскен. Қазір Тараз қаласынан шыққан спортшы ұлттық құрама деңгейіне дейін көтеріліп, FIS және Continental Cup жарыстарына қатысып жүр. Бұл деңгейде Скандинавия мектептері мен қысқы спорт түрлерінің ең мықты өкілдері басымдыққа ие. Шаңғы қоссайысында ...
Read More »Сайыпқыран. Бекарыс Атыбек — болашағынан зор үміт күттіретін шаңғышы
Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі таңда елімізде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. Жас спортшылар ел намысын халықаралық ареналарда таныту үшін аянбай еңбектенуде. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіні — талантты спортшы Бекарыс Ерданұлы Атыбек. Бекарыс Ерданұлы 2003 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Бала кезінен спортқа, әсіресе трамплиннен секіру — батылдық пен техника талап ететін қиын ...
Read More »Үлкен спорттағы шындық
Жақында белгілі шаңғышы Мағжан Аманкелдіұлымен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы. Мағжан жастайынан қысқы спортты өзіне серік етіп, биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Жарыста жеңімпаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол көп еңбекті талап етеді. ...
Read More »Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!
Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары