• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Дзюдодан АЧ: Эсмигуль Куюлова алғаш рет жүлде алды (ВИДЕО)

    Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні ұлттық құрама сапынан бес дзюдошы татамиге шығып, тек Эсмигуль Куюлова (-63 кг) ғана жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы жүлде жолында Зулхумар Дашкиноваға (Түркменстан) еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл — оның сары құрлық чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Таңғы сессияда ...

    Read More »

    Қазақстан балуандары Олимпиада лицензиясын алды

    Қырғызстаның Бішкек қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстанның үш балуаны Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2:1 есебімен басым түскен. Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын жүлде алған Айдос Сұлтанғали алғаш рет ...

    Read More »

    Бұл – үлкен жетістік: Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады (ВИДЕО)

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады. Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!, — деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында. Бүгін Рыбакина WTA 500 турнирінде әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.

    Read More »

    Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші финалда әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен жеңімпаз атағын сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездескен еді. 2023 жылы Аделаиде (Аустралия) турнирінде Костюк 6:7 (5:7), 6:2, 6:3 есебімен жеңсе, АҚШ ашық чемпионатында Рыбакина 6:2, 6:1 есе қайырған еді. Бұл ...

    Read More »

    Темірхан Дайырбек Паралимпиада лицензиясын иеленді

    Пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2 000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді. Ал ...

    Read More »

    Күрестен ұлттық құрамаға легионерлерді емес, қандастарды шақыру керек!

    Юсуп, Елена және Начын секілді легионерлерге үміт артта бермей, қандас-спортшыларды неге елге шақырмаймыз? Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азиялық іріктеу турнирінде 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия тігіліп, 195 спортшы Парижге жолдама үшін бақ сынады. Қазақстаннан күрестің үш түрі бойынша он алты палуан қатысты. Біздің елдің атынан шетелден келген легионер ретінде сынға түсіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған Юсуп Батырмурзаев та бар. ...

    Read More »

    Олимпиадаға академиялық ескек есуден алғашқы жолдама түсті

    Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті. Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды. Ұлттық құраманың спортшысы 2 000 метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды. Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Жанарыс Рахметқали – қола жүлдегер!

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті. Бұл – Жанарыс Рахметқалидың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) қола медаль иеленген болатын.

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Ғалия Тынбаева алғашқы медалін алды

    Ғалия Тынбаева — Гонконг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 48 кг дейінгі салмақтың кіші финалында отандасы Абиба Әбужақыновадан басым түсті. Осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада(2022 жыл) өткен құрлық додасында күміс жүлдеге ие болған Абужақынова 3 «шидо» (ескерту) алып, үздік бестікті түйіндеді. Азия чемпионы рейтингте 700, күміс ...

    Read More »

    Қазақстан байдарка және каноэде есуден алтын медаль алды

    Каноэ мен байдаркада есуден Жапонияның астанасы — Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.  Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші — 01:57.203. Екінші  орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді. Кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж ...

    Read More »