• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан Мәскеуде академиялық есуден үш медаль алды

    Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алса, спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижемен күміс жүлдені иеленді. Осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Гимнаст Дарья Ясинская Азия чемпионатының екі финалына шықты

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында әйелдердің спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Дарья Ясинская екі финалға шықты. Ол енді еркін және қол тіреп секіру жаттығулары бойынша жарысқа қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Теннисші Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда ресейлік Диана Шнайдермен бірге австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик дуэтін жеңді. Матч екі сетке созылып, 7:6, 6:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалда Анна Данилина мен Диана Шнайдер австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен ойнайды.   ...

    Read More »

    Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    13 маусымда Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Чемпионат басталар алдында қалыптасқан дәстүр бойынша жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша отандастарымыздың алғашқы қарсыластары анықталды. Сонымен… ерлер арасында 60 келіге дейін Мағжан Шамшадин  Дэвид Тераомен (АҚШ) белдеседі. Шерзод Давлатов Харим Ли (Оңтүстік Корея) мен Дэниэль Леутгеб (Австрия) арасындағы белдесуде жеңген спортшымен күш сынасады. 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ...

    Read More »

    Қазақстан Ұлттар кубогында жартылай финалға шықты

    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамның астанасы – Ханой қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогы топтық кезеңінің бесінші матчында Филиппин құрамасымен ойнап, 0:3 (21:25, 15:25, 19:25) есебімен есе жіберді. Филиппин В тобында бірінші орынға шықты. Осыған дейін Қазақстан 12, Филиппин 10 ұпай жинаған еді. Сондықтан ұлттық құрамаға өз тобында бірінші орында  қалуы үшін 2:3 есебімен жеңілсе де, жеткілікті еді. Алайда отандастарымыздың ...

    Read More »

    «Қайрат» клубына бразилиялық футболшы қосылды

    Бразилияның футболшысы Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Алматының «Қайрат» футбол клубның қатарына қосылды.  Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жасалды. Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында туған. Ол 28 жаста. Бойы – 190 см, салмағы – 80 кг. Футболшы алғаш рет жасыл алаңға «Вело Клуб» командасының сапында шыққан. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Португалияның «Марко 09» ...

    Read More »

    «Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    2023–2024 жылдары «Ордабасы» футбол клубы 18 ойыншымен жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгеден асатын келісімшарт жасасқан. Оның 1,9 миллиард теңгесі бір жылда шетелдік легионерлерге төленген. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады. Қалалық прокуратураның мәліметіне қарағанда, клубтың бұрынғы басшылығының іс-әрекеттері лауазымды өкілеттігін теріс пайдалану туралы күдік тудырған. Бұл қаражат не үшін төленді, кім бөлді және кімге бөлді, қаражат қайда жұмсалды — осы ...

    Read More »

    Валерий Рахымжан — Әлем кубогының күміс жүлдегері!

    Нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан Валерий Рахымжан күміс медальге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол тапаншамен 10 метрден оқ ату сайысында финалда 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Мұнда қытайлық Ху Кай топ жарды (242.3 балл). Үздік үштікке алаң иесі  Кристиан Рейтц кірді. Іріктеуде Валерий Рахымжан 583 ...

    Read More »

    Асхат Тағыберген қазақ футболының басты проблемасын айтты

    Кеше футболдан Қазақстан командасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасып жатып, қазақ футболының басты проблемасын айтты. Оның айтуынша, басты проблема  қазақ жігіттерінің премьер-лигада ойнамауы. Осы жағдай футболшыны қатты қынжылтады. Мені осы нәрсе қатты қынжылтады. Жаңадан келген басшылар бірнеше жылда барлық олқылықтың орнын толтырып, заң жүзінде реттейді деп сенемін. Президентіміз де стадиондар салып, жастарға қолдау көрсетіп жатыр. Сапалы алаңдар болса, ...

    Read More »

    Анна Данилина әлемдік рейтингіде үздік үштікке кірді

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос» турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина осы табысы арқасында әлемдік рейтингіде 17-ден 9-орынға көтерілді. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып есептеледі. Осыған дейін Анна 10-сатыдан аспаған еді.  

    Read More »