Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бүгінгі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Еліміздің көптеген тұрғындары үшін медициналық сақтандыру бір нәрсеге немқұрайды қарау емес, ол — қажетті дәрігерлік көмекті дер кезінде алу, заманауи жоғары технологиялық әдістерді қолдана отырып, құны қымбат тексерулерден өтіп, толық емделуге деген мүмкіндік. Қазіргі кезде елордадада МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді, ол тұрғындарға қандай ...
Read More »Author Archives: admin
WADA бас директоры Оливер Неггли Астанаға келді
Астанаға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бас директоры Оливер Неггли келді, деп хабарлады SportPress.kz. Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, 22–27 қараша аралығында елордада агенттіктің басқарушы органдары — Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің кездесулері мен отырыстары өтеді. Онда Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқыланады. Құрылтайшылар кеңесі — WADA-ның жоғары басқарушы ...
Read More »Жібек Құламбаева Америкада екі апта қатарынан жеңімпаз атанды
Теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Отандасымыз жарыста словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Турнирге екінші нөмірмен тіркелген теннисшілер финалда бірінші нөмірлі жұп — украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихоновамен ойнады. Бұл ойында Құламбаева мен Эрьявецтің 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 16 ...
Read More »Брэндон Боченски «Барысқа» оралды
Астананың хоккейден «Барыс» клубының бұрынғы капитаны, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Брэндон Боченски команданың мұз айдынына қайта оралып, өз әсерін айтты, деп хабарлады SportPress.kz. 44 жастағы бұрынғы хоккейші «Барыс Аренаға» арнайы келіп, мұз айдынын көрген сәтте қайтадан хоккей ойнағысы келгенін жасырмады. Оның бейнежазбаcs клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. «Уақыт тоқтап қалғандай сезімде болдым. Дәл қазір хоккей формасын киіп, ойынға дайындалғым ...
Read More »Дзюдодан ӘЧ: Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлады SportPress.kz. Ол 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Санжар Ерұланұлы финалда жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды. Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді. Бұған дейін 100 ...
Read More »Дзюдодан ӘЧ: Асқар Біржанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дзюдошы Асқар Біржанов Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлады SportPress.kz. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта Никита Юдановты жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Осылайша ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
Read More »Азиада: таспаға түскен топжарған (фоторепортаж)
Биыл Қазақстан спортшылары қатысқан дүрмекті доданың бірі Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындары мен Пара Азия ойындары болды. Күншығыс елінде жалауы желбіреген Азиаданы белгілі фототілші Нұрғали Жұмағазы таспаға түсірген еді. Ол жарыс бойы тамаша дүние шығарды. Енді оқырманның патша көңіліне кәсіпқой маманның Азиада кезінде тарихтың таспасына түсіріп, қойнауына жіберген қайталанбас сәттерді ұсынуды жөн ...
Read More »Түркістанда түркі елдері арасындағы шахмат чемпионаты басталды
Түркістан қаласында 20-27 қараша аралығында түркі елдері арасындағы шахмат чемпионатына жеті мемлекеттен 24 шахматшы жиналды. Ерлер, әйелдер және сеньорлар жекелеген турнирлерде жеңімпаз атағын сарапқа салады. Ерлер мен әйелдер турнирлерінің жалпы жүлде қоры — 40 миллион теңге, деп хабарлады SportPress.kz. Жеңіс тұғырынан көріну үшін Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия мен Өзбекстан өкілдері бақ сынауда. Қазақстан намысын әр санатта екі ойыншыдан, ...
Read More »Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушысы Алексей Урмановтың арасындағы келісімшарт тоқтатылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлады SportPress.kz. Министрдің айтуынша, Олимпиада чемпионының жаңа спорттық циклі басталды. Енді Михаил Шайдоров алдағы жарыстарға дайындалатын бапкерлер құрамы мен командасын өзі таңдай алады. Ербол Мырзабосынов Алексей Урмановқа алғыс айтып, маманның соңғы жылдары атқарған еңбегін бағалады. Министр алдағы уақытта ...
Read More »Балуандар халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
Осы күндері Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады SportPress.kz. Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) мен Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді. Жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары