• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Ер есімі ел есінде

    Қазақ спортында өшпес із қалдырған тау тұлғалы есімдердің арасында Жақсылық Үшкемпіровті айырықша атайтынымыз мәлім. Жақсылық ағамыз — грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қарадомалақ қазақтың баласы болғандықтан есіл ердің есімі ел есінен бір сәтте ұмытылмайтын, қазақ халқының біртуар перзенті. Аты аңыз балуанның арамыздан фәни жалғанға аттанып кеткеніні біраз жыл болса да аты әйгілі балуанның рухы жақындай түскен сияқты. Жақсылық Әмірәліұлының ...

    Read More »

    «Белград Аренада» Қазақстанның туристік әлеуеті насихатталды

    Сербияның астанасы Белград қаласында Еуропадағы ең ауқымды спорттық оқиғалардың бірі болды. Бұл жерде баскетболдан Белградтың «Партизан» мен Афинаның «Панатинаикос» клубтары арасындағы Еуролигасының матчы аясында еліміздің туристік әлеуеті, сондай-ақ, Астана – Белград тікелей әуе рейсінің жуырдағы ашылуы таныстырылды. Қазақстан Елшілігінің бастамасымен «Белград Аренада» өткен матчта жиналған 18 мың көрерменнің арасында интерактивті акция ұйымдастырылып, кездейсоқ таңдалған жанкүйерлер «Партизан» клубы ұсынған айып добын ...

    Read More »

    Жаны саудың тәні сау Спартакиадасы

    Халық арасында «Спорт денсаулықтың кепілі», деген тәлсім бар. Спортпен айналысып, денсаулығын жақсарту жолында әрекет жасап жүрген жандарды көріп риза болатынымыз рас. Өйткені олар өз денсаулығын сауықтыру арқылы айналаға үлгі-өнеге болады. Негізі өмірін спортпен өрнектеген жандар үшін күн сайынғы жаттығудан алған шеберліктерін жарыстарда бір сынап тұрудың да маңызы зор. Өткен аптаның аяғында Алматыдағы К. Ахметов атындағы Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат ...

    Read More »

    Australian Open-2026: Елена Рыбакина – чемпион!

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.  Титулға барар жолда Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда жарыстың 2-ракеткасы Ига Швентектен, жартылай финалда алтыншы нөмірлі болып тіркелген Джессика Пегуладан айласын асырды. 2023 жылы Рыбакина мен Соболенко финалда ойнаған еді. Сол кезде ...

    Read More »

    Қыздар халықаралық турнирде екі күміс жүлде алды

    Осы күндері Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі болып жатыр. Осы халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде алды. 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалда ресейлік Александра Скиренкодан жеңіліп, екінші орынды алып қалды аяқтады. 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова финалда Светлана Липатовамен (Ресей) күресті. Белдесуде ресейлік балуан жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына ...

    Read More »

    Ербол Хамитов Әлем кубогында тағы бір медаль алды

    Польшаның Якушице қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінде Ербол Хамитов (LW12) 6 км қашықтықты 18 минут 24 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдаорға арналған сплрттық даярлау орталығы» РМҚК. Алтын жүлдені Италияның спортшы ...

    Read More »

    Қытайда Димаштың туристік локацияда түсірілген жобасы таныстырылады

    Биылғы 5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми таныстырылымы болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бағдарламаның түсірілімі толық еліміздің туристік локацияларында болды. Ол 6 өңірді қамтыды. Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынып, Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірге іске асырылды. Voice Beyond Horizon әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктірумен қатар Қазақстанның табиғи әралуандығын және туристік ...

    Read More »

    Australian Open: Заңғар Нұрланұлы бес сағат ойнап, алғаш рет жартылай финалға шықты

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған теннисші турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген. Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен ойнады. Бірінші партияда оның қарсыласы 6:3 есебімен басымдық танытты. Тайталасқа толы матчта екінші сетте қазақ спортшысы тай-брейкте – 7:6 (7:4) есебімен қарымта қайырды. ...

    Read More »

    Үш жылда 86 спорт кешені салынады

    Астанада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен ведомствоның дене шынықтыру және спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2025 жылғы қызметі мен 2026 жылға қойылған негізгі міндеттері жөніндегі кеңейтілген Алқа мәжілісі болды, деп хабарлады аталған министрлік. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің өкілдері, сала ардагерлері, атақты спортшылар мен құрметті жаттықтырушылар, отандық туристік бірлестіктер мен ассоциациялар, жергілікті атқарушы органдар мен ведомствоға ...

    Read More »

    UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қомақты пайда тапты

    2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет ойнаған Алматының «Қайрат» клубының қанша пайда тапқаны белгілі болды. «Қайрат» сегіз матчта бір ұпай алды. Алматының клубы Португалияның «Спортинг» командасынан 1:4, Испанияның «Реал Мадридінен» 0:5, Италияның «Интерінен» 1:2, Грекияның «Олимпиакосынан» 0:1, Данияның «Копенгагенінен» 2:3, Бельгияның «Брюггесінен» 1:4, Англияның «Арсеналынан» 2:3 есебімен жеңіліп, Кипрдің «Пафосымен»  ғана 0:0 есебімен ойнады. ...

    Read More »