• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Теннисші Айша Сайран Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында көш бастады

    Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір отандасымыз Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингінде Родион Трайгель 27-орынға шықты. Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт ...

    Read More »

    Саха Республикасында асық ойынын дамыту қолға алынады

    Бүгін Астана қаласында Саха (Якутия) Республикасының Қазақстандағы күндері басталды. Астана мен Алматы қалаларында 21 сәуірге дейін жалғасатын күндер аясында  бауырлас екі ел арасындағы мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған. Іс-шараның бірінші күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдап, екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, кен өндіру, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Сонымен қатар Асық ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: ұлттық құраманың киімі Қазақстанда тігілмейді

    Биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж Олимпиадасына арналған ұлттық құрама спортшыларының киімі Қазақстанда тігілмейді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni. Форма сапалы болады деп сенеміз. Себебі, қаңтарда үлкен комиссия құрылды. Оның ішінде 25 адам болды. Комиссия құрамына әлем және Олимпиада чемпиондары, қоғам белсенділері енді. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысты. Нәтижесінде 6 форманың эскизін ...

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты

    Спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр. Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады. Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға ...

    Read More »

    «Ордабасы» футбол клубына қомақты айыппұл салынды

    Шымкенттің «Ордабасы»футбол клубына қомақты айыппұл салынды. Командаға Алматының «Қайрат» клубымен матчында (1:2) жергілікті  жанкүйерлердің төрешіге балағат сөз айтқаны үшін 120 АЕК пен техникалық аймақта (қосалқы төреші орнында) матқа қатысу жоқ адамның болуына байланысты 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы шешім шықты. Осы екі айыппұл 812 240 теңге болып отыр. Оны «Ордабасы» 11 мамырға дейін төлеуі тиіс. Жалпы, Премьер-лига мен Қазақстан ...

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет бадминтоннан Олимпиада лицензиясын алды

    Бадминтоннан ұлттық құраманың спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Дмитрий Панарин олимпиялық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді. Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады. Бадминтоншы осыған дейін 2018 жылы Аргентинаның астанасы — Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы ...

    Read More »

    Жазғы Олимпиадаға 100 күн қалды

    Биылғы жылдың басты додасы — жазғы Олимпиялық ойындардың салтанатты түрде ашылауына 100 күн уақыт қалды. Олимпиада Париж қаласында 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында болады. Париж қаласы 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің 130-сессиясында 2024 жылғы Олимпиаданы өткізетін қала болып бірауыздан сайланды. Бұған дейін Францияның астанасы өз тарихында екі рет 1900 және 1924 жылдары төртжылдықтың басты додасын өткізді. ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков UWW рейтингінде бірінші орынға көтерілді

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты. Балуан Қырғызстанның Бішкек қаласында Азия чемпионы атағын жеңіп алған соң, 86 келі салмақта жалпы есебі 52 400 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға 45 000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орынға 44 000 ұпай жинаған Сан-Мариноның өкілі Амин Майлз ...

    Read More »

    Рыбакина ресейліктерге Қазақстанды ғана таңдайтынын айтты

    Теннистен 2022 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы, әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы «Спорт-Эксперсс» газетіне сұхбатында не себепті Қазақстанды таңдағанын айтты. Оның сұхбаты «Енді мені жоғалтқан адамдар туралы әңгіменің бәрі де бос әңгіме» (Рыбакина — о переходе из России в Казахстан: «Кто меня потерял и как это случилось, сейчас нет смысла об этом разговаривать») деген тақырыппын шыққан. Интервьюде теннисші журналистің: «Ресейде сізді жоғалтқан үшін кім кінәлі?» деген сұрағына ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

    25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды.  2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына  Әнел Әбдірасылова (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Ұлдана Таубай ...

    Read More »