• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    18 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде 241 сатыға шықты

    Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-орында қалса, Александр Шевченко 96-дан 95-ке ауысты. Дмитрий Попко 224-тен 223-ке көтерілсе, Тимофей Скатов 239-ға тұрақтады. Бейбіт Жұқаев 279-дан 280-ге, Михаил Кукушкин 294-тен 299-ға төмендеді.

    Жаңартылған рейтингіде ерекше серпіліс жасаған теннисшінің бірі Денис Евсеев болды. Өткен аптада Исламабад (Пәкістан) челленджер турнирінің жартылай финалына дейін жеткен спортшы 404-тен бірден 371-ге шықты.

    Монастирдегі (Тунис) жарыстың жартылай финалына дейін барған 18 жастағы Әмір Омарханов 241 сатыға жоғарылап, 1 100-ден 859-ға көтерілді.

    Григорий Ломакин де өз көрсеткішін жақсартып, 975-тен 961-ге ауысты.

    Сондай-ақ 1 742-орынға жайғасқан 17 жастағы Заңғар Нұрланұлын да атап өтуге болады.

    Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде бұрынғыша үздік бестікті түйіндеп тұр.

    Юлия Путинцева 72-орында қалса, Аустралия ашық чемпионатына жолдама алған Зарина Дияс 283-тен 284-ке, Жібек Құламбаева 331-ден 334-ке түсті.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *