Score 90 футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі.
Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді.
2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі:
- Леннарт Карль (Германия, «Бавария»);
- Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»);
- Нгумоа Рио (Англия, «Ливерпуль»);
- Хонест Аханор (Италия–Нигерия, «Аталанта»);
- Дастан Сәтпаев (Қазақстан, «Қайрат» — «Челси»).
Бұған дейін де спортшы дүниежүзі басылымдарының тізіміне енген еді. Мысалы, Ұлыбританияның The Guardian газеті әлемдік футболдағы ең үздік 60 жас талантты атады. Соның ішінде «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев та бар. Ол 2008 жылы туған болашағынан зор үміт күттіретін ойыншылар тізіміне кірген.
Сондай-ақ Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары