• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/krcgenktalent/

    17 жастағы Шахмұрат Дәулетов Бельгия клубымен келісімшарт жасасты

    17 жастағы Шахмұрат Дәулетов Бельгияның «Генк» клубымен кәсіби келісімшартқа қол қойды.

    «Генк» клубының Instagram-дағы парақшасында жас футболшының қолына «Йонг Генк» командасының жейдесін ұстап түскен фотосуреті жарияланған. Бұл клуб — «Генк» командасының жастар жасағы.

    «Еңбек ешқашан зая кетпейді! Шахмұрат Дәулетов өзінің алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды», делінген хабарламада.

    Келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін есептелген.

    Бұған дейін Шахмұрат Дәулетов «Генктің» 18 жасқа дейінгі жастар командасында ойнаған. Ол U-18 құрамында 24 матч ойнап, тоғыз гол соққан.

    Бельгия клубының өкілдері футболшының академияға екі жыл бұрын қосылғанын, ал енді ол командамен келісімшартын 2029 жылдың жазына дейін ұзартқанын атап өтті.

    Қазақ футболшысы 2024 жылы «Генк» командасының құрамына қосылған. Жақында ол негізгі команда сапында Нидерландының «Фортуна» жасағымен жолдастық матчта ойнаған.

    Бұл ойында бельгиялық клуб 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Шахмұрат Дәулетов алаңға 87-минутта шықты.

    «Генк» — Бельгияның төрт дүркін чемпионы.

    Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты үзілістен кейін «Бернли» клубының базасына оралды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *