Бұған дейін Алматының «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясындағы кезекті матчын Грекияның «Олимпиакос» командасымен Астанадағы «Астана Арена» стадионында ойнайтынын хабарлаған едік. Енді қолда бар мәліметке қарасақ, жақында «Қайраттың» Астанадағы алғашқы ойынына билеттер сатылымға шықты. Алматы клубының хабарлауынша, билеттің бағасы — 15 000 — 50 000 теңге аралығында. Матч 9 желтоқсан күні 20:30–да «Астана Арена» стадионында болады. — Бір ЖСН-ға екі билеттен ...
Read More »Футбол
UEFA Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев тағы да өзіне назар аудартты
Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Данияның «Копенгаген» клубымен ойнап, одан 2:3 есебімен жеңілді. Ол 81-минутта «Копенгаген» командасы қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп, Сәтпаев 17 жасында UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді. Сонымен бірге Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Бүгін ол 17 жас 105 күн толып отыр. Ал тізімнің көш басында ...
Read More »Таразда заманауи футбол академиясы ашылады
Қазақстан футбол федерациясы балалар-жасөспірімдер футболы инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа футбол академиясы Тараз қаласында орналасады. Аталған жоба ҚФФ-ның Жамбыл облысы әкімдігі мен Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры арасындағы үшжақты меморандум аясында іске асырылуда, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 22 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында жаңа футбол академиясының іргетасын қалау салтанаты болды. Жиынға ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Жамбыл облысының әкімі Ербол ...
Read More »Алақандай ел әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
Кюрасао елі тарихта көлемі жағынан футболдан әлем чемпионатына шыққан ең кішкентай мемлекет атанды. Ол Ямайкамен матчта 0:0 есебімен тең түсіп, 2026 әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Аралда небәрі 156 мың адам тұрады. Ал оның аумағы — 444 км². Команданы нидерландиялық жаттықтырушы Дик Адвокат басқарады. Оның жасағы бірде –бір рет жеңілген жоқ. Керісінше, қарсыластарын үлкен есеппен жеңді. Оның ішінде Бермуд аралдарымен ...
Read More »Жыл үздігіне үміткерлер тізімі жарияланды
28 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) Globe Soccer Awards беделді сыйлығы 2025 жылдың үздік ойыншысын анықтайды. Бұл жүлдені тапсырмастан 40 күн бұрын оған лайықты адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Zakon.kz. Жыл сайын табыс етілетін сыйлықты ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, биылғы жылы марапатқа 25 адам үміткер және олардың барлығы әлемдік футболда өз орны бар адамдар: Усман Дембеле, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш, Фабиан ...
Read More »Қазақ клубтарын құрылыс компаниялары сатып алып жатыр
«Qazaq Stroy» компаниясының басшысы әрі соның құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубынының иесі атанды. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, клубтың баланстық құны — 200 млн теңге. «Ақтөбе» футбол клубының құжаты бірер айда толық рәсімделеді. — Жекешелендіру — тікелей президенттің тапсырмасы. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Еліміздің қалталы азаматтары алып, клубты жетілдіреді. Клубқа қызығушылық танылып, өз үлесін қосамын деген кәсіпкер анықталды. Ол — «Qazaq Stroy» ...
Read More »УЕФА Чемпиондар лигасы: «Қайрат» енді Астанада ойнайды
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Грекияның «Олимпиакос» және Бельгияның «Брюгге» командаларымен Астанада ойнайды, деп хабарлады Алматы қаласының футбол клубы. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» клубымен ойын 9 желтоқсанда, «Брюгге» командасымен матч 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында болады. -Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге ...
Read More »Байсуфиновке «бес» деген баға береміз! (ВИДЕО)
Бүгін кешке «Астана Арена» екі сағаттай теңселіп тұрды. Осы күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Бельгия командасымен ойнап, жанкүйерге керемет кеш сыйлады. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды. Сөйтіп, Талғат Байсуфинов жасақтаған ұлттық құрама дүниежүзілік рейтингте 8-орында тұрған азулы қарсыласымен тең түсіп, жанкүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әңгіменің ашығын айтсақ, көп адам Қазақстан құрамасының ...
Read More »EURO-2026: Қазақстан U-17 алғашқы матчта үш ұпай алды
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Неделище қаласында Еуропа чемпионатының 2026 жылғы іріктеу турнирі аясында осы елдің құрама командасымен ойнады. Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта голды Ислам Рақым мен Расул Акимов салды. Хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальтиден допты торға тоғытты. Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды. Алайда Лука Бартолович ...
Read More »«ПСЖ» президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді
«Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары