• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    17 жастағы Шахмұрат Дәулетов Бельгия клубымен келісімшарт жасасты

    17 жастағы Шахмұрат Дәулетов Бельгияның «Генк» клубымен кәсіби келісімшартқа қол қойды. «Генк» клубының Instagram-дағы парақшасында жас футболшының қолына «Йонг Генк» командасының жейдесін ұстап түскен фотосуреті жарияланған. Бұл клуб — «Генк» командасының жастар жасағы. «Еңбек ешқашан зая кетпейді! Шахмұрат Дәулетов өзінің алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды», делінген хабарламада. Келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін Шахмұрат Дәулетов «Генктің» 18 жасқа ...

    Read More »

    Месси Аргентина құрамасымен қоштасады

    Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасы командасының жейдесінде соңғы рет алаңға шығатынын айтты. ESPN Argentina арнасының мәліметіне қарағанда, Месси 6 қазанда ұлттық құрама сапына арнайы шақырылып, ойыншы ретінде Аргентина құрамасымен ресми түрде қоштасады. Осылайша Аргентина елі көзі тірісінде аты аңызға айналған футболшыға құрмет көрсетіп, оны ұлттық құрамадан салтанатты түрде шығарып салуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Месси Аргентина құрамасынан кетіп, жастарға жол ...

    Read More »

    2028 жылы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

    УЕФА Атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орын ретінде бекітті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздарының матчы «Астана Арена» стадионында болады. Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды.

    Read More »

    ҚПЛ: «Қайрат» Орталық стадионда «Тобылдан» ойсырай жеңілді

    Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХVІ турында «Қайрат» клубы өз алаңында Қостанай қаласының «Тобыл» командасымен ойнап, ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Командалардың бірінші матчы 11 сәуірде Қостанайда болған еді. Осы ойында қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасып, бір-бірінен бір ұпайды ғана жұлып алған болатын. Сол кезде «Тобыл» алты рет ойын ережесін бұзып, бір матчта алты сары қағаз алып, жасыл алаңнан әрең дегенде аяқтарын ...

    Read More »

    Бір атаның балалары Түркістанда доп тепті

    …Сонау 1991 жылы Донкихотшылап таза қазақ балаларынан «НАМЫС» атты Ұлттық кәсіпқой футбол клубын құрып, Қазақстан чемпионатында 5-6 жыл ойнаған соң клубымызды демейтін жан немесе мекеме табылмағаннан кейін 4-5 жыл төмен қарап жүрдім де, қазақ футболына талант іздеу арманы ұйықтатпаған соң, 2001 жылы «БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ!» деген атпен бір командада бір ғана атаның балалары ойнайтын (Жүнісбаевтер, Айдаболовтар) жарыс ойлап ...

    Read More »

    Сәтпаев жарақатына байланысты «Челсиге» оралады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев сіңір жарақатын емдеу үшін уақытша «Челси» клубының базасына оралуы мүмкін. TalkBFC мәліметіне қарағанда, жақын арада футболшы Лорндонға барып, оңалту курсынан өтеді. Одан кейін ол «Бернли» сапына қайта қосылады. «Бернли» жасағының бас жаттықтырушысы Ники Хайен Сәтпаевтың бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайтынын айтты. Сәтпаев жарақатын Чемпионшиптің 4-турында «Мидлсбромен» ойын кезінде алған. Бұл матч ...

    Read More »

    386 млн доллар: «Бішкек-Арена» стадионына қатысты тың ақпарат шықты

    Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов бұған дейін «Бішкек-Арена» стадионына қатысты жариялаған қысқаша ақпаратын толықтырып, спорт аренасының құрылысына 386 млн доллар жұмсалғанын айтты. «Осы кезге дейін «Бішкек-Арена» стадионына қатысты толық ақпарат ала алмадық. Оның себебі, осы жобаға қатысы бар барлық адамдар ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық жұмыстарымен айналысып, тәулік бойы жұмыс істеді. Енді міне, стадионға қатысты толық ...

    Read More »

    «Өз арамызда өтірік айтатын адам бар» – Фабио Каннаваро

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Каннаваро алғаш рет команданың әлем чемпионатындағы ойындарына қорытынды жасап, құраманың сәтсіздігін түсіндірді. Instagram-дағы эфирден белгілі болғандай, баспасөз мәслихатында бас жаттықтырушыға әлемдік додадан кейін неліктен бірден командамен бірге Өзбекстанға бармай, Италияға демалуға кетіп қалғаны, бас жаттықтырушы ретінде қанша айлық алатыны, құраманың алдағы Азия кубогына дайындығы туралы сұрақтар қойылды. Каннаваро сын-пікірлер мен әлем чемпионатынан кейін ...

    Read More »

    … Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау — 2

    ФИНАЛДЫҚ ОЙЫННЫҢ ӘР СӘТІН ТЕЛЕФОНЫМА ДАУЫСТАП ЖАЗЫП ОТЫРДЫМ. ОЛ ЖАЗБАЛАР МЫНАУ: — Финалды кәсіпқой бокстың бас жібін ұстайтын Майкл Баффер айқайлап ашты да Лионель Месси ортадағы допты бірінші теуіп бастады. …Бафферді айтамын да: небәрі 6х6 метрлік бокстің шаршы алаңында тұрып айқайлағанның жөні бөлек, ал, 100х200 метрлік стадионға, сол стадиондағы 82 630 жанкүйерге айқайлағанына жол болсын. Оның айқайы еш құлақта қалған жоқ. Әмрикаң да ...

    Read More »

    … Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау — 1

    … Футболдан әлем чемпионаты аяқталды! Чемпионаттың басында болмасам да соңғы нүктесін қойған сәтіне куә болдым. Бұл менің спорт журналисі ретіндегі,футболды сұлудай сүйетін жан ретіндегі басты БАҚЫТЫМ! … Финалда ойнаған Испания мен Аргентина құрама командаларының ойынының бір секундын жібермей көрдім! Ойын соңындағы төбелесті де көрмес көзім көрді… Одан кейінгі жеңімпаз бен екінші жүлдегерлерді марапаттау рәсімін де көзіме жас ала отырып тамашаладым. ...

    Read More »