• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Бернли» футбол клубы

    Сәтпаев жарақатына байланысты «Челсиге» оралады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев сіңір жарақатын емдеу үшін уақытша «Челси» клубының базасына оралуы мүмкін.

    TalkBFC мәліметіне қарағанда, жақын арада футболшы Лорндонға барып, оңалту курсынан өтеді. Одан кейін ол «Бернли» сапына қайта қосылады.

    «Бернли» жасағының бас жаттықтырушысы Ники Хайен Сәтпаевтың бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайтынын айтты.

    Сәтпаев жарақатын Чемпионшиптің 4-турында «Мидлсбромен» ойын кезінде алған. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды. Отандасымыз матчты негізгі құрамда бастап, 81-минутқа дейін ойнады.  Содан кейін ол «Бристоль Ситимен» ойынға алаңға шықпады.

    Сәтпаев осы футбол маусымының соңына дейін «Бернлиде» доп тебеді. Ол «Челсиден» жалға алу шартымен ауысқан. Оның Лондон клубымен толық келісімшарты 2033 жылға дейін есептелген.

    Сәтпаев «Бернли» сапында әзірге төрт рет алаңға шықты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *