• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Аты аңызға айналған футболшы Петр Жеков өмірден өтті

    Аты атыңызға айналған футболшы, Софияның ЦСКА командасы мен Болгария құрамасының шабуылшысы Петр Жеков 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Петр (болгарша – Петьр, — ред.) Жеков 1944 жылы 10 қазанда Болгарияның Хасков облысындағы Книжовник елді мекенінде туған. 2023 жылғы 18 ақпанда София қаласында қайтыс болды. Петр Жеков – Еуропаның мерген шабуылшыларға берілетін «Алтын бутса» жүлдесінің 1969 жылғы, «Күміс бутсаның» 1970 ...

    Read More »

    «Астана» — Қазақстан Суперкубогының иегері

    «Астана-Арена» стадионында «Астана» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен ұтып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. «Астана» былтырғы футбол маусымында еліміздің чемпионы атанса, «Ордабасы» Қазақстан Кубогының иегері болған еді. Бірінші таймда командалар матчтағы барлық голдарын салып үлгерді. Әуелі 8-минутта Алекса Аманович есеп ашып, «Астананы» алға шығарды. Арада бір минут өтер-өтпесте шымкенттіктер таразы басын теңестірді. Оны шұғыл қарсы шабуыл барысында Еркебұлан Тұңғышбаев баспен ...

    Read More »

    Элдор Шомурадов Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

    Германияның Transfermarkt порталы Орталық Азияның ең қымбат ойыншыларының рейтингін жасады. Футболшылардың келісімшарты мен трансфер құны туралы ақпаратты анықтауға бейімделген порталдың дерегіне қарағанда, Өзбекстанның ұлттық құрамасы мен Италияның «А» сериясының «Специя» клубының шабуылшысы Элдор Шомурадов Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы деп танылды. Оның трансферлік құны 7 млн еуроға бағаланған. Екінші орынды Қазақстан құрамасы мен  Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ...

    Read More »

    Марадонаның қолмен гол салған добы аукционға түсті (ВИДЕО)

    Аргентиналық футболшы Диего Марадонаның 1986 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатының ширек финалында Англия құрамасының қақпасына қолмен гол салған добы аукционға түсті. Бұл доп осымен екінші рет аукционға қойылды. Goldin аукционына қатысушылар допты 1,7 млн долларға сатып алғысы келген. Бірақ бұл сол матчтың төрешісі Әли Бин Нассердің сұраған бағасына жетпеді. Былтыр қараша айында өткен аукционда допты 2,4 млн долларға сатып алғысы ...

    Read More »

    Иранда жанкүйерлер «Зенитпен» ойын кезінде Украинаға қолдау көрсетті (ВИДЕО)

    Иранда Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол командасының ойыны кезінде жергілікті жанкүйерлер Украинаны қолдайтын перфоманс ұйымдастырды. Бұл туралы Twitter-дегі Iran International English парақшасында хабарланды. Иран жанкүйерлері өз командалары Санкт-Петербургтің «Зенит» клубымен өткізген жолдастық кездесуде Украинаны қолдайтындарын көрсетті, – делінген хабарламада. Бұл күні Нева жағалауынан келген клуб Тегеранның «Сепахан» командасымен күш сынасты. Қазір екі команда да өз чемпионаттарында көш бастап келеді. Жалпы, Ресейдің Украинаға ...

    Read More »

    Түрік фанаттары Қазақстан құтқарушыларына да алғыс айтты (ВИДЕО)

    Түркияда «Трабзонспор» футбол клубының фанаттары Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы матчта  зілзала салдарын жойып, адамдарды аман алып қалуға көмектесіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтты. Стадионда фанаттар ілген баннерде үйінді астынан адамдарды шығаруға көмектесіп жүрген, қолына бала ұстаған құтқарушы бейнеленген. Құтқарушының темір қалпағында түрік халқына қайғылы апаттың салдарымен күресуге көмектесіп жатқан әр елдің тулары суреттелген. Олардың қатарында Қазақстанның ...

    Read More »

    Зинедин Зидан Alpine брендінің елшісі болды

    Атақты футболшы Зинедин Зидан «Формула-1» спортында команда ұсынатын Alpine брендінің елшісі болды. Бұл туралы биылғы «Формула-1» маусымына арналған «Alpin» командасының жаңа көлігінің тұсаукесерінде айтылды. 50 жастағы спортшы футболдағы мансабында Францияның ұлттық құрамасының сапында 1998 жылғы әлем чемпионы болды. Ойыншы ретінде Зидан екі рет Италия және Испания чемпионы атанса, Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын екі рет жеңіп алған. Зидан 1998 жылы ...

    Read More »

    ФИФА үш жылдағы рекордтық табысын жариялады

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кеңесі былтырғы жылғы жылдық табыс есебін жариялады. Құжатта ФИФА-ның 2019-2022 жылдардағы табысы 7,6 млрд АҚШ доллары болғаны атап көрсетілген. Бұл – ұйымның бұрын-соңды болмаған рекордтық кірісі. ФИФА-ның футболға бұрын-соңды болмаған инвестициясы — бұл біздің күшті қаржылық ашықтығымыздың нәтижесі. Сондай-ақ, футболды әлемдегі номері бірінші спорт екенін көрсетудің нақты мысалы. Коронавирустың кесірінен көптеген қиындықтың болғаны рас. Сол қиындықтың ...

    Read More »

    Клубтар арасындағы әлем чемпионатына 32 команда қатысуы мүмкін

    2025 жылдан бастап Клубтар арасындағы әлем чемпионатына барлығы 32 команда қатысуы мүмкін. Турнирге Еуропадан 12, Оңтүстік Америкадан 6, Африка, Азия және КОНКАКАФ-тан 4, Океаниядан 1 команда қатысуы ықтимал деген дерек бар. Тағы бір орын қабылдаушы елдің клубына берілетін болады. Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино клубтар арасындағы әлем чемпионатында командалар саны 32-ге дейін көбейетінін айтқан болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «Алтын доп» сыйлығына үміткер көбейді

    Goal басылымы «Алтын доп» сыйлығына үміткер футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бірінші орында қалды. Жалпы алғашқы үштік өзгермеген. Екінші орында Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы Килиан Мбаппе, ал үшінші -орында Норвегия құрамасы мен «Манчестер Сити» командасының форварды Эрлинг Холанд тұр. «Барселона» жасағының өкілі Роберт Левандовски (Польша) «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы бразилиялық Неймарды төртінші орыннан төмен ...

    Read More »