Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады. Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19.30-де «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) ...
Read More »Футбол
Футболшы Асхат Тағыберген «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тағайындаған «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды. Бұл приз ең әдемі голдың авторына беріледі. «Пушкаш» сыйлығына Асхат Тағыбергенмен бірге тағы 10 адам ұсынылып отыр. Олардың арасында «Цинциннати» клубының ойыншысы аргентиналық Альваро Баррель, Мадридтің «Реал» әйелдер командасы мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Линда Кайседо, Англияның «Брайтон энд ...
Read More »Футболшы Еркебұлан Сейдахмет актрисамен некесін қиды
«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет актриса Нұрсұлу Ізбасаровамен заңды некесін қиды. Неке қию рәсімі 14 қарашада болды. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлады. Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова не қиды. Сендерді отбасылық өмірге қадам басып, шаңырақ көтерулеріңмен құттықтаймыз!, — делінген хабарламада. Жас жұбайлар да қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова осыдан алты жыл ...
Read More »Бақтиер Зайнутдинов алдағы матчтарда ойнай ма? – бас жаттықтырушының жауабы (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы 17 қарашада Сан-Марино мен 21 қарашада Словения командасымен болатын матчтарына қатыспайды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев айтты. Бақтияр Қазақстан құрамасы сапында алдағы матчтарда ойнамайды. Оның қай кезде емделіп шығатынын расы керек, білмейді екенмін. Дәрігерлер қашан емделіп шығатынын ...
Read More »Бақтиер Зайнутдиновқа ота жасалды
«Бешикташ» клубы жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновқа Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехир» командасымен матчта алған жарақатынан кейін ота жасалғанын хабарлады. Бақтиер Зайнутдиновқа матчтың 37-минутында жарақат алған соң, мұрнына операция жасалды. Оның мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды, — делінген хабарламада. Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақатына байланысты мәлімдеме жасап, оның ұлттық құраманың алдағы ...
Read More »EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты аясында 17 қарашада Сан-Марино командасымен және 20 қарашада Словения құрамасымен болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, ...
Read More »Ұлттық құрама Сан-Марино және Словениямен матчтарға дайындықты бастады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 қарашада және 21 қарашада Сан-Марино мен Словения құрама командаларымен болатын матчтарға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Астанада болып жатыр, — деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады. Жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына «Ордабасы» ...
Read More »Месси мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады
Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы , әлем чемпионы Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Мен бұрын да айтқанмын, қазірде айтамын, мен бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Болашағыма құмалақ ашпаймын. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Мұршам келмейтінін түсінгенше алаңға шыға беремін, — деді Месси Marca ақпарат құралына. Бұған дейін де Месси ...
Read More »Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан әуесқойлар құрамасы күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)
Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді. Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 ...
Read More »Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны анықталды
Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай мемлекетте болатыны анықталды. Ол Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. ФИФА президенті Джанни Инфантино 2034 жылы өтетін әлем чемпионатының Австралияның сайлауға қатысудан бас тартқанына байланысты Араб түбегіндегі мемлекетте болатынын айтты. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Австралия өзінің өтінімін алғаннан кейін Сауд Арабиясы әлемдік доданы өткізуге үміткер жалғыз ел болып қалған. Еске салсақ, 2026 ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары