• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Түркияда жанкүйерлер алаңдағы футболшыларға пышақ лақтырған (ВИДЕО)

    Түркияда «Бурсаспор» клубының жанкүйерлері «Амедспор» командасының ойыншыларына пышақ лақтырған. Бұл екі команда Түркия чемпионатының екінші дивизионында ойнайды. The Sun басылымының хабарлауынша, «Бурсаспордың» жанкүйерлері матч кезінде күрд халқына қарсы сөздер айтып, ойыншыларға неше түрлі заттар лақтырған. Соның ішінде пышақ та болған. «Амедспор» — Түркияның Диарбекир қаласының командасы. Бұл қаланың негізгі тұрғындары — күрд халқы. Алаңда туындаған кіикілжіңнің басты себебі де осы ...

    Read More »

    Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің балалық шағу туралы мультхикая түсіріледі. Оны  америкалық компаниялардың бірі түсіреді. Режиссерлардың айтуынша, мультхикаяда футболшының балалық шағы көрсетіледі. Онда бала Лео бейнеойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерден өтеді. Фильмде америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады. Мультхикаяны түсіру жұмыстарына Мессидің өзі де қатысады. Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады. Сериалдың қашан ...

    Read More »

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Премьер-лиганың (бұрынғыша – Жоғары лига, — ред.) бірінші матчы Шымкен қаласында болды. Онда Қажымұқан атындағы стадионда маусымашар матчта жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары кездесті. Ойында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Биылғы маусымның алғашқы голын Шымкент қаласының командасына жаңадан қосылған Бауыржан Исламхан салды. Ол екі жыл үзілістен кейін голдың авторы атанды. Исламхан матчтың 16-минутында ...

    Read More »

    Былтыр футбол клубтарына 20 млрд теңге бөлінді (КЕСТЕ)

    Halyq Uni агенттігінің зерттеуінше, 2022 жылы Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттен спорт саласына жалпы 356,1 млрд теңге қаражат бөлінген. «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда көрсетілгендей, 2022 жылы: «жоғары дәрежелі спорт түрлерін дамытуға» 81 млрд теңге; «спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуге» 26 млрд теңге; «бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуға» 1,4 млрд теңге бөлінген. жергілікті әкімдіктер арқылы 247,7 млрд теңге ...

    Read More »

    Атақты футболшы Жюст Фонтен қайтыс болды

    1 наурызда атақты француз футболшысы Жюст Фонтен 89 жасында қайтыс болды. Франция құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы 1958 жылы өткен әлем чемпионатында 13 гол соғып, әлемдік рекорд жасады. Осы кезге дейін бірде-бір адам әлемдік додада ең көп гол соғу бойынша Фонтеннің рекордын жаңартқан жоқ. Жюст Фонтен 1933 жылы 18 тамызда Мароккода туған. Футболдағы карьерасын Марокконың «Касабланка» клубында бастаған. Одан кейін ...

    Read More »

    Месси Аргентинаның командасына алтынмен апталған  iPhone-ге тапсырыс берді

    Аргентиналық футболшы Лионель Месси әлем чемпионы атанған ұлттық құраманың ойыншылары мен команданың қызметкерлеріне шамамен 210 мың долларға 35 алтын iPhone смартфонына тапсырыс берді. Бұл туралы The Sun хабарлады. Әрбір телефонда ойыншының аты, нөмірі және Аргентинаның логотипі жазылады. Басылымның хабарлауынша, футболшы кәсіпкер Бен Лайонспен хабарласып, екеуі бірігіп дизайн ойлап тапқан. Лионель әлем чемпионатының финалынан кейін бір-екі ай өткен соң бізге хабарласты. ...

    Read More »

    Chery көлігінің бренді  — «Астана» футбол клубының демеушісі (ФОТО)

    Бүгін  «Астана Арена» стадионында салтанатты жағдайда «Астана» футбол клубы мен Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group компаниясының арасында серіктестік туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Chery концернінің жер-жүзіндегі бастамаларының бірі — спорт командалармен серіктестік орнату. Бұған дейін брендтің өңірлік өкілдіктері Бразиялияның «Сантос», Эквадордың «Индепендьенте дель Валье», Чилидің «Универсидад Католика» клубымен және Ресейдің «Спартак» клубымен ...

    Read More »

    Аргентиналық футболшылар мен жанкүйерлер жыл үздіктері атанды

    Францияның астанасы — Париж қаласында The Best FIFA сыйлығын табыс ету рәсімі болды.   Салтанатты іс-шарада Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімімен Аргентина ұлттық құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшы Лионель Мессиге, 2022 жылдың үздік ойыншысы атағы берілді. Сонымен бірге Аргентинаның бас жаттықтырушысы  Лионель Скалони жылдың үздік бапкері деп танылса, осы елдің құрама командасы мен Англияның «Астон Вилла» клубының қақпашысы Эмилано ...

    Read More »

    Килиан Мбаппе 200-ші голын соқты

    «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының 25-турында «Марсельмен» кездесуде (3:0) дубль жасады. Осылайша, ол 200-ші голын соқты. Мбаппе команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен бірінші орынды бөлісті. Жеңіс «ПСЖ-ға» 60 ұпай жинауға және екінші орында тұрған «Марсельден» (52) 8 ұпай алға шығуға мүмкіндік берді. 4 наурызда «ПСЖ» «Нантқа» қарсы, ал келесі күні «Марсель» «Реннге» қарсы ойнайды. Мбаппе 2022 ...

    Read More »

    Түркияда стадион толы жанкүйерлер алаңға ойыншықтарды қарша жаудырды (ВИДЕО)

    «Бешикташ» және «Антальяспор» футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне жасыл алаңға жұмсақ ойыншықтарды лақтырды, деп хабарлады CBS Sports. Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған. Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды. Белгілі болғандай, алаңға үйіліп қалған ойыншықтар жер ...

    Read More »