• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Қазақстанға Беларусьтен футболшылар қаптап келіп жатыр

    Қазір футболдан Қазақстан чемпионатының 13 клубында Беларусь елінен келген футболшылар ойнап жатыр.  Бұл тізім легионерлердің саны шектелмесе, бұдан да көбеюі мүмкін.   Футбол инсайдері Айдын Қожахметтың айтуынша, елдегі 16 клубтың 13-інде Беларусь чемпионатында доп тепкен футболшы бар. Олардың бәрі премьер-лигада ойнайды. Қазақстанға беларусь ойыншылары жалақыға қызығып келе жатыр. 2000-2019 жылдар аралығында Беларусь футболы Еуропа алаңдарында жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы,  Борисов қаласының ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Даму кубогында күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Беларусьтің астанасы Минск қаласында Даму кубогы үшін халықаралық турнир аяқталды. Финалда Қазақстан мен Ресей жасөспірімдер құрамалары кездесті. Матчта отандастарымыз қарсыластарынан 1:3 есебімен ұтылып, осымен екінші рет күміс жүлдеге ие болды (2021 жылы финалда Тәжікстан жасөспірімдер құрамасынан жеңілген болатын, — ред.) Қазақстан құрамасында жалғыз голды жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл салды. Сөйтіп, ол турнирдегі үшінші голын соқты. Ал жасөспірімдер команданың қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар ...

    Read More »

    Месси Түркия мен Сирияға қомақты қаражат жіберді

    Футболдан әлем чемпионы, Олимпиада және Оңтүстік Американың чемпионы, «Алтын доп» сыйлығының жеті дүркін иегері, «Алтын бутсы» наградасын алты рет алған Аргентинаның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси Түркия мен Сириядағы жір сілкінісінен зардап шеккен адамдарға 3,5 млн еуро көлемінде көмек жібергенін айтты.  Tiranapost басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы өзінің жеке қоры арқылы Түркия мен Сирияға көмек ретінде қомақты ...

    Read More »

    Даму кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Беларусьтің Минск қаласында футболдан 17 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Даму кубогы үшін халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстан командасын 3:0 есебімен ұтты. Кездесуде алғаш болып 10-минутта жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл есеп ашты. Ал 20-минутта шабуылшы Темірлан Ағыманов есепті еселей түсті. Одан кейін Виктор Лакеев 80-минутта үшінші допты торға тулатты. Кездесуде ел құрамасынан үздік ойыншы болып Ілияс Әбіл танылды. ...

    Read More »

    Түрік жаттықтырушысы жер сілкінісінен отбасындағы 15 адамнан айырылды

    Түркиядағы жер сілкінісінен «Сивасспор» футбол клубының жаттықтырушысы Айхан Тенбелоглу отбасындағы 15 адамнан айырылды. Бұл туралы ensonhaber сайтына сұхбат берген түрік командасының бас жаттықтырушысы Рызы Чалымбай айтты. Бұл өте қайғылы жағдай болды. Біз Сиваста зілзала туралы естіп, білдік. Сол күні таңертең мен «Хатайспор» клубында істейтін өзімнің бұрынғы көмекшім Шыңғыс Қожаға  хабарластым. Ол менің көмекшім Айхан Тенбелоглудың отбасындағы 15 адамнан айырылғанын естіртті. Бүтін ...

    Read More »

    Лионель Месси үздік ойыншы атанды

    Аргентина мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды. Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған. Көш басында Лионель Месси тұр. Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынада: Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»); Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан ...

    Read More »

    Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ресейді ұтты (ВИДЕО)

    Беларусьтің астанасы Минскіде өтіп жатқан «Даму кубогы-2023» халықаралық турнирінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді. Құрама команда Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасымен кездесіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Матчта жалғыз голды Эльхан Саидов соқты. Александр Кузнецовтың командасы келесі ойынын 7 ақпан күні Өзбекстанмен өткізеді. Кездесу Астана  уақытымен 14:00-де басталады. Қазақстан U-17 – Ресей U-16 – 1:0 (1:0) ...

    Read More »

    EURO-2025: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

    Футболдан жастар құрамалары арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысының жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімінде жеті топта алты құрама ойнаса, екі топ бес командадан жасақталған. Қазақстан футболшылары В тобында Венгрия, Шотландия, Мальта, Бельгия және Испания құрамаларымен сынға түседі. Турнирдің финалдық сатысына 15 команда шығуға мүмкіндік алады. Оған жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Словакия қосылады. Іріктеу сатысы 2023 жылдың наурыз және 2024 ...

    Read More »

    Ресейлік футболшылар Қазақстанның азаматтығын алғысы келіп жүр – Магомед Адиев

    Ресейлік футболшы, «Химки» клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуев еліміздің азаматтығын алып, ұлттық құрама командада ойнағысы келіп жүр. Бұл туралы sport24.ru хабарлады. Ал  СпортРадар.kz-тің хабарлауынша, ол елімізде тұрақты тұру үшін құжат алуға әрекет етіп жатыр. Егер Зуев тиісті құжатты алатын болса, онда Қазақстанның ұлттық құрамасында ойнауы әбден мүмкін. Осы мәселеге байланысты ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Зуевтің ұлттық ...

    Read More »

    Нысана көздеуден әйелдер командасы Әлем кубогының иегері атанды

    Нысана көздеуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Индонезияның Жакарта қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде бірінші орын алды. Жарыста 10 метрлік пневматикалық мылтық атудан Александра Ле, Елизавета Безрукова мен  Анастасия Григорьева нысананы дәл көздеп, үздік нәтиже көрсетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »