• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан – Сан-Марино матчның билеттері онлайн сатылымға шықты

    Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлады.

    Бұл матч 17 қарашада «Астана Арена» стадионында болады. Ойын сағат 21.00-де басталады.

    Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттің бағасы 1 500 теңгеден басталады.

    Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Люблянадағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 01.45-те (жергілікті уақытпен 20.45) басталады.

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

    Сан-Марино мен Словениямен ойынға оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *