Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бірінші матчында жеңіліп қалды.
Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді.
Бакалар тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:1 есебімен басым түсті.
Рыбакина WTA қорытынды турниріне алғаш рет қатысып жатыр. Енді ол келесі ойынын Мария Саккаримен өткізеді. Содан кейін Арина Соболенкомен кездеседі. Теннисшіге жартылай финалға шығу үшін осы екі матчты жеңу керек. Осы теннисшінің бәрі бір топтта ойнайды.
Екінші топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7) және Маркета Вондроушова (6) бар.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА