• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси сегізінші рет «Алтын доп» сыйлығын алды (ВИДЕО)

    Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды.

    Лео Месси дауыс беру қорытындысы бойынша Норвегия құрамасы мен Англияның «Манчастер Сити» клубының ойыншысы Эрлинг Холанд пен Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» жасағының шабуылшысы Килиан Мбаппе артқа қалдырды. Үздік бестікте Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»/Бельгия) мен Родри («Манчестер Сити»/Испания) бар. Осы тізімдегі «Манчестер Сити» клубының үш ойыншысы үздік бестікке кіріп отыр.

    Бұл — Аргентина құрамасы сапындағы әлем чемпионының сегізінші «Алтын добы». Бұған дейін ол 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылы үздік атанған еді. Енді  міне, Месси сегізінші рет әлемнің үздік футболшысы атанды. Одан басқа марапатттау салтанатында Англия құрамасының шабуылшысы Джуд Беллингем Копа трофейінің иегері, жылдың үздік жас футболшысы атағына ие болды. Бұл жігіт қазір Мадридтің «Реал» командасында ойнайды. Ол 2003 жылы туған. Сарапшылардың пікірінше, ол болашағынан зор үміт күттіретін футболшы.

    Эрлинг Холанд Герд Мюллер жүлдесінің иегері болды. Қақпашылардың Льв Яшин атындағы жүлдесін тағы бір аргентиналық ойыншы Эмилиано Мартинес алды. Эмилиано былтыр Аргентина құраамсының сапында әлем чемпионы атанған. Қазір ол Англияның «Астон Вилла» клубының қақпасын қорғайды.

    Әйелдер арасында Айтана Бонмати «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы «Алтын доп» иегері атанды. Бұл сыйлыққа Бонматиден басқа тағы бір испаниялық Ольга Кармона мен австралиялық Сэм Керр үміткер болған.

    Бонмати мен Кармона Испания құрамасы сапында 2023 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған. Ольга Кармона Англия құрамасымен болған финалда жалғыз голды салған. Ал Айтана 2023 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған. Сэм Керр «Челси» сапында Англияның екі дүркін жылдың үздік футболшысы ретінде танылған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    ФОТО: Reuters

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *