• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футболдан Бельгия мен Швеция матчы кезінде атыс болып, екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Бүгін Брюссель қаласында автоматпен қаруланған белгісіз адам халыққа оқ атқан. Ол скутерге мініп, көшеде алдына кездескен адамдарға оқ жаудырып, екі ер адамды атып тастап, бір әйелді жаралаған.

    Атыс футболдан Бельгия мен Швеция елдерінің ұлттық құрама командаларының матчы кезінде болған. Қаза тапқан адамның екеуі де Швеция құрамасының жанкүйерлері болып шықты.

    Көшедегі атысқа байланысты матчтың бірінші таймы ғана болып, ойыншылар екінші таймға шыққан жоқ. Террорист түні бойы скутерімен көше аралап жүрген. Ол тек таң ата дәмханалардың бірінде ұсталған. Сол жерде полицейлер оның көзін жойған.

    Бельгия БАҚ-ның хабарлауынша, террористтің жасы 45-те болған. Ол қызғылт сары бешпет киіп, атыс алдында өзін ИГИЛ ұйымының мүшесі екенін және мұсылмандар үшін кек алатынын айтып, Швеция командасының жейдесін киген екі ер адамды атып тастаған. Бір әйелді ауыр жаралаған. Содан кейін ол оқиға орнынан кетіп, Калашников автоматын ұстап, қала көшелерін аралаған. Ал полиция күдіктінің ізіне түсіп, оның үйін тінткен. Бірақ оның Схарбек коммунасындағы үйінен қару-жарақ табылмаған (Схарбек – Брюссель қаласының 19 коммунасының бірі, – ред).

    Террорист Схарбекте тұрған.  Аты -Абдесәлем. Ол Бельгияға заңсыз келген. Шамасы, Тунистен келген болу керек, –  делінген Бельгия БАҚ-да.

    Лаңкес бұрын да сотталған көрінеді. Ол терроризм бабы бойынша бас бостандығынан айырылып, бірнеше жыл түрмеде отырып шыққан екен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *