• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда үш жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады (ФОТО)

    Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада үш жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады.

    Олар Медеу ауданының «Алатау», Алатау ауданының «Зерделі» және Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын аудандарында бой көтереді. Алғашқы екеуі қараша айында, ал «Жас Қанаттағы» нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әрқайсысы адамның санына қарай есептелген. Мысалы, «Алатау» және «Жас Қанат» шағын ауданындағы нысандар екі ауысымда күніне 300-ге жуық баланы, ал «Зерделідегі» кешен 196 баланы қабылдай алады, — деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

    Спорт кешенінің әрқайсысында спорт зал, жаттығу залы, жекпе-жек залы, үстел ойындары және хореография залдары болады.

    Аумақтық мүмкіндікті ескере отырып, «Алатау» және «Жас Қанат» шағын аудандарындағы кешенде бассейн қарастырылған.

    Барлық кешен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген киім ауыстыратын бөлмемен, душ және санитарлық тораптармен жабдықталған.

    Жалпы, үш кешеннің базасында спортпен шұғылдану бойынша барлығы 122 топ ашылады. Негізгі бағыттар жекпе-жек, спорттық ойындар, су және басқа да спорт түрлері болады. Күніне 800-ден астам адам ыңғайлы жағдайда спортпен шұғылдана алады.

     

    Думан АМАНЖОЛҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    ФОТО: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *