• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Финляндия-Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі Финляндия мен Қазақстан ұлттық құрама командаларының матчының төрешілері белгілі болды.

    Ойын бүгін Астана уақытымен сағат 22.00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Матчта Босния және Герцоговинаның төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

    Бас төреші — Ирфан Пельто, қапталдағы төрешілер — Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо.

    Төртінші төреші — Милош Гигович.

    Қазір 7 турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения құрамасы топ бастап келеді. Екінші орында 16 ұпай жинаған Дания командасы тұр. Словения ойнышылары бір доп артық гол салған соң, бірінші орынға жайғасқан. Үшінші және төртінші орындағы Финляндия мен Қазақстан жасақтарының 12 ұпайы бар. Ал Солтүстік Ирландия мен Сан-Марино командалары 5 және 6-орында.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *