• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    EURO-2024: Қазақстанның алдағы матчтарға кеңейтілген құрамы жарияланды

    Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Тізімге 40 ойыншы енді.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»);

    Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Егор Ткаченко, Дамир Қасаболат (екеуі де – «Қайрат»);

    Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков, Бейбіт Ғалым (барлығы – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»), Бақдәулет Зүлфикаров («Қайсар»);

    Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Евгений Коструб – бас жаттықтырушының көмекшісі, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы жаттықтырушы.

    Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.

    Еске салсақ, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Марино командасымен ойнайды.  Матч Астанадағы «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21.00-де басталады. Билеттер 30 қазанда сатылымға шығады.

    Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Люблянадағы «Стожице» стадионында сағат Астана уақытымен 01.45-те (жергілікті уақытпен 20.45) басталады.

     

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *