• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы камбэк жасады (ВИДЕО)

    Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сегізінші ойынын Финляндия командасына қарсы өткізді. Ойын Хельсинкидегі «Олимпьяштадион» стадионында болды, деп хабарлады Қазақстар футбол федерациясы.

    Бірінші таймда Роберт Тейлор салған голдың арқасында Финляндия құрамасы алға шықты.

    Үзілістен кейін ұлттық құрама ессепті теңестірді. Қақпаны пенальтиден Бахтиер Зайнутдинов дәл көздеді. Ал матчтың 89-минутында Рамазан Оразовтың бұрыштама добынан кейін «Бешикташ» ойыншысы дубль жасады. Ол әуелете берген пасты баспен соғып,  жеңіс голын сыйлады. Қорытынды есеп —  2:1.

    Бахтиер Зайнутдиновтың екі добы оған Руслан Балтиевті (13 гол) басып озып, 14 голмен Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген атағына жеткізді.

    8-турдан кейін Қазақстан құрамасында H тобындағы турнирлік кестесінде 15 ұпай бар.

    Команда келесі матын 17 қарашада Астанада Сан-Марино командасына қарсы өткізеді. Ал Еуроға соңғы іріктеу ойыны 21 қарашаға жоспарланған. Онда Қазақстан құрамасы қонақта Словения құрамасымен кездеседі.

    Финляндия – Қазақстан – 1:2 (1:0)

    Голдар: Тейлор 28 – Зайнутдинов 77, 89;

    Ескертулер: Иванов 72 – Марочкин 27, Самородов 79, Қуат 81, Скворцов 90+4, Бейсебеков 90+5 (алаңнан тыс), Оразов 90+5;

    Финляндия: Градецки, Йенсен (Уронен 88), Иванов, Хосконен, Камара, Тейлор (Каллман 77), Пукки (Форсс 77), Хоканс, Кайринен, Алхо (Сойри 88), Похьянпало;

    Қазақстан: Шацкий, Быстров (Ерланов 87), Марочкин, Әліп, Вороговский, Қайыров (Скворцов 86), Бейсебеков (Қуат 55), Тағыберген (Тапалов 86), Зайнутдинов, Оразов, Самородов (Айымбетов 86);

    Төрешілер: Пельто, Ибрисимбегович, Бейло (барлығы – Босния және Герцеговина).

    17.10.2023. Финляндия, Хельсинки, «Олимпьяштадион».

     

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *