• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Португалияда футболшыға ақ қағаз көрсетілді (ВИДЕО)

    Португалия чемпионатында футболшыға қарсылас командаға құрмет көрсеткені үшін ақ қағаз көрсетілді.

    Мачт кезінде бесінші дивизионда ойнайтын клубтың шабуылшысы қарсылас команданың қорғаушысы айыпдоп алаңында жарақат алып қалғанда қақпаға жақындап, доп соғудың орнына оны алаңның сыртына теуіп жіберді. Осылайша ол футболшыға дәрігерлер көмек көрсету үшін жарақат алған ойыншының командасына құрмет көрсетті. Осы үшін шабуылшы төрешіден ақ қағаз алды.

    Футбол тарихында ақ қағаз осымен екінші рет көрсетіліп отыр. Бұл қағазды төреші футболда командаларға әділ ойынды насихаттау үшін көрсетеді. Бірінші рет ақ қағаз биылғы қаңтарда Лиссабон қаласының «Спортинг» және «Бенфика» әйелдер клубтарының медициналық ұжымдарына берілді. Онда клубтар Португалияның кубогы үшін ойнаған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by SPORTS.KZ (@kzsports)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *