• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстауда күрестен Ысқақ Джолмурзаевты еске алуға арналған турнирдің бағдарламасы

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Бесшоқы Спорт кешенінде еркін күрестен 2010 2011 және 2012 2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ысқақ Бақытжанұлы Джолмурзаевты еске алуға арналған І облыстық ашық турнирі өтеді.

    Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен алғаш рет өткелі отырған турнирге Өзбекстанның Науаи мен Қарақалпақстанның Нүкіс пен Хожелі қаласынан, еліміздің Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Қызылсай, Мұнайлы, Басқұдық, Баянды командалары бақ сынап, 400-дей балуан қатысады.

    І, ІІ, ІІІ орын алған спортшыларды Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы тағайындаған арнайы жүлдесімен марапатталады.

    21 қазан, (сенбі):

    10:00 — Жарыстың басталуы.

    2010 — 2011 жылы туған балуандар 38 кг салмақта күреседі;

    2012 — 2013 жылы туған балуандар 23, 29, 35, 41 кг салмақта күреседі.

    13:00 — 15:00 — Түскі үзіліс.

    15:00 — Турнирдің салтанатты ашылуы.

    17:00 — Жартылай финалдық және финалдық кездесулер 2010 -2011 және 2012 — 2013 ж.т., арасында өтеді.

    18:30 — Жарысқа қатысушыларды марапаттау рәсімі.

     

    22 қазан, (жексенбі):

    10:00 — Жарыстың басталуы.

    2010 — 2011 жылы туған балуандар 35, 55 кг салмақта күреседі;

    2012 — 2013 жылы туған балуандар 26, 32, 38, 45 кг салмақта күреседі.

    13:00 -15:00 — Түскі үзіліс.

    17:00 — Жартылай финалдық және финалдық кездесулер 2010 — 2011 және 2012 — 2013 жылдары туғандар арасында өтеді.

    18:30 — Жарысқа қатысушыларды марапаттау рәсімі және турнирдің жабылуы.

     

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *