• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Маңғыстау облысы

    Маңғыстаудан қашан Олимпиада чемпионы шығады?

    Әлеуметтік желіден Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш Қарақия ауданы Жетібай кентінде ауыл азаматымен сөйлесіп тұрғанын көріп қалдым. Ол Жетібайда не істеп жүр? Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жас баланы лас саясатқа итермелей бермей, Маңғыстаудан Олимпиада чемпиондарын шығаруына атсалыспай ма?  Марқұм Бекзат Саттарханов бокспен он бес жасында айналысып, жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ...

    Read More »

    Маңғыстау облысының әкімі қалың ұйқыдағы өңір спортын оята ала ма?

    Маңғыстау облысында 31 мемлекеттік спорт мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиадалық дайындық орталығы және 1 ұлттық спорт орталығы бар. Облыста 813 жаттықтырушы жұмыс істеп жатыр. Олардың тек 49%-ның жаттықтырушылық санаты бар. Былтыр VI мәрте өткен Қазақстан Спартикадасында 3 қала және 17 облыстан үміткерлер қатысқан жарыста ...

    Read More »

    Маңғыстаулық спортшылар жылды қалай қорытындылады?

    Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен жақында ғана дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Мақсат Асқарұлы Мұқаш тағайындалды. Бір жылда үшінші басшысы мекеменің тізгінін қолына алды. Біз бұл басшыдан 2023 жылдың қорытындысы бойынша ақпаратын сұрадық. Мақсат Мұқаштың айтуынша, қазіргі таңда басқармаға бағынысты 33 мекеме бар. Олар — облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығы, ұлттық спорт түрлерінің орталығы, Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық ...

    Read More »

    Маңғыстаулық үш бірдей боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Бүгін Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, Маңғыстау облысында туылған Бейбарыс Нұрмұхан (66 кг) мен Бақытжан Айтмұханов (80 кг) рингке шықты. Шаршы алаңға бірінші шыққан Бейбарыс Жексен (66 кг) қырғызстандық Рамазан Исаевты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Бақытжан Айтмұханов (80 кг) тайпейлік Панг Гуан-Хаоны бірінші раундта мерзімнен бұрын жеңіп, Маңғыстаудың екі бірдей ...

    Read More »

    Маңғыстау облысының әкіміне ашық хат

    Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевқа Құрметті Нұрлан Асқарұлы! Маңғыстау облысы Ақтау қаласына спорттық мектеп-интернат-колледжі қашан салынады? Маңғыстаулық жаттықтырушылар мен спортшылардың күткеніне 31 жыл болды. Тағы қанша жыл күтеміз? Маңғыстаудың ұл-қыздары Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде қашан оқиды? Облыс пен қала және аудан әкімдері: «Әлем және Азия чемпионы атанған спортшыға бір жапырақ алғыс хатпен шығарып салады». Одан қалса, Маңғыстау облысының дене шынықтыру ...

    Read More »

    Маңғыстауда күрестен Ысқақ Джолмурзаевты еске алуға арналған турнирдің бағдарламасы

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Бесшоқы Спорт кешенінде еркін күрестен 2010 — 2011 және 2012 — 2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ысқақ Бақытжанұлы Джолмурзаевты еске алуға арналған І облыстық ашық турнирі өтеді. Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен алғаш рет өткелі отырған турнирге Өзбекстанның Науаи мен Қарақалпақстанның Нүкіс пен Хожелі қаласынан, еліміздің Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Қызылсай, ...

    Read More »

    Маңғыстау облысында футбол стадионы мен алаңдары салынады

    Алдағы уақытта Маңғыстау облысында футбол сатдионы мен алаңдары салынады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. Кездесуде ҚФФ басшысы елімізде спорт инфрақұрылымын жақсарту үшін УЕФА-мен бірігіп, футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының жасалғанын,  Маңғыстау облысындағы екі ауылда футбол алаңдарының құрылысы жоспарланғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде бұқаралық футболды дамыту — федерацияның ...

    Read More »

    Ақтауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады

    Маңғыстау облыстық балалар ауруханасыда үстіне металлдан жасалған футбол қақпасы құлап, содан жарақат алған 16 жастағы жасөспірім ес-түссіз жаттыр. Оның үстіне қақпа 20 мамырда құлаған екен. Сол кезде дәрігерлер Дәрігерлер оған ми жарақаты мен мидың шайқалуы диагнозын қойды, деп хабарлады Lada.kz. Lada.kz-тің хабарлауынша,24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келген. Дәрігерлердің оны бес-жеті күн емдеу керек деп ескерткеніне қарамастан, ол қолхат жазып, ...

    Read More »

    Ақтауда жазғы Универсиада ойындары жалауын көтерді (ФОТО)

    Қазір спорт сүйер қауым мен студент жастардың назары – Маңғыстау облысында. Өйткені, Ақтау қаласында бұрын-соңды болмаған спорт бәсекесі болып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен 24 мамыр мен 24 маусым аралығында жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары өтеді. Универсиада – мәртебесі жағынан Олимпиялық ойындардан кейінгі екінші орындағы спорттық сайыс. Бірақ бұған дейін әр ...

    Read More »

    Дзюдо: республикалық турнирдің екінші күні

    Бүгін, 3 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы спорт кешенінде дзюдодан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында BASQUDYQ-JUDO OPEN CUP І республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Атырау облыстары атынан және өздерінің ынта білдіруімен жалпы жиырма төрт команда қатысып, 300-ден астам татами шеберлері бақ сынады. Екінші жарыс күні мына мықтылар жеңімпаз және ...

    Read More »