• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстаулық үш бірдей боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

    Бүгін Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, Маңғыстау облысында туылған Бейбарыс Нұрмұхан (66 кг) мен Бақытжан Айтмұханов (80 кг) рингке шықты.

    Шаршы алаңға бірінші шыққан Бейбарыс Жексен (66 кг) қырғызстандық Рамазан Исаевты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

    Ал Бақытжан Айтмұханов (80 кг) тайпейлік Панг Гуан-Хаоны бірінші раундта мерзімнен бұрын жеңіп, Маңғыстаудың екі бірдей ұланы финалға шықты.

    Кеше жастар санатында жартылай финалда Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі Әсем Таңатар Қырғызстанның өкілі Айжамал Әділбекованы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

    Финалдық жекпе-жектер 3 қараша күні болады. Оған маңғыстаулық былғары қолғап шеберлері Әсем Таңатар, Бейбарыс Жексен және Бақытжан Айтмұханов өнер көрсетеді.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *