• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympics.com

    Маңғыстаудан қашан Олимпиада чемпионы шығады?

    Әлеуметтік желіден Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш Қарақия ауданы Жетібай кентінде ауыл азаматымен сөйлесіп тұрғанын көріп қалдым. Ол Жетібайда не істеп жүр? Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жас баланы лас саясатқа итермелей бермей, Маңғыстаудан Олимпиада чемпиондарын шығаруына атсалыспай ма? 

    Марқұм Бекзат Саттарханов бокспен он бес жасында айналысып, жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия мен әлем чемпионатында күміс пен қола медальға ие болды. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында чемпион атанды.

    Мұхтархан Ділдәбеков бокс қолғабын он жеті жасында киіп, Қазақстан чемпионатында топ жарып, Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатында күміс медаль алды.

    Айтайын дегенім, Маңғыстау спорт мектептерінде 7-10 жастағы балалар спортпен айналысады. Әлі күнге дейін жасөспірімдер және ересектер арасында Олимпиада чемпионы шықпай келеді. Облысымыздан Бекзат пен Ермахандай Олимпиада чемпиондарын көргіміз келеді.

    Маңғыстау облысының спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш тізгін ұстағалы да бес айдан асты. Әлі күнге ауылдарды аралап, спорт ұйымдарын толық тексерді деп естімедім.

    Кейбір аудан-ауылдардағы екі спорт мектебі бір мекеме болып жұмыс істейді. Соның бірі Мұнайлы ауданы Басқұдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бес жылдан бері бөлінбеген. Одан қалса, облысқа бір мектеп-интернат-колледжі мен жасөспірімдер мен жастар және ересектерге арналған оқу-жаттығу жиынын өткізетін бір спорт базасы қажет екенін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев біле ме екен?

    Билік спортшыларды лас саясатқа араластырмасын. Азаматтарымыз арандап қалмасын.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *