• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Олимпиадаға Елдос емес, Нұрқанат бару керек!

    Елімізде дзюдо спортынан Олимпиялық ойындардың екі мәрте жүлдесін алған Елдос Сметовке ренішім мен өкпем жоқ. Бірақ «Олимпиададан алтын жүлде алсам», — деген Сметовтің арманы Парижде орындалмайды-ау. Өйткені, Жапония, Франция, Тайпей, Испания, Әзербайжан мен Оңтүстік Корея спортшыларын жеңу Сметовке қиын болады. Олар да алтын медаль алсам деп қиялдаған Сметовке жүлдесін беріп қойып, қарап тұрмайды. Елі, федерациясы және халқы өз елінің спортшыларына сенім артып отыр.

    31 жастағы Е.Сметов 2014 жылдан бері 60 келіде өнер көрсетіп келеді. 10 жылдан бері салмақ тастап, жарыстарда жүлде алмауы содан. Әйтпесе, Елдостың жарақаты әлдеқашан жазылған.

    Қазіргі кезде 60 кг салмақта қазақтың үш баласы әлемдік додаларда көш бастап келеді. Олар: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин пен Нұрқанат Серікбаев.

    Олимпиадалық рейтингте Нұрқанат Серікбаев 3 149 ұпаймен 14-орында, Мағжан Шамшадин 2 134 ұпаймен 24-ші, Сметов 1 792 ұпаймен 26-орынға жайғасқан. Бұған дейінгі беделіне қарап емес, енді елге береріне қарап, Парижге Нұрқанатты жіберу керек.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *