• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Садақ атудан әйелдер құрамасы алғашқы үлкен жеңісіне жетті

    Садақ атудан Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

    Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы эстониялық қарсыластарын 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

    Одан бөлек, ширек финалда әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 234 : 230 есебімен жеңіп, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберді.

    Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян мен Айжан Сейдахметва қорғады.

    Бұл — садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының Әлем кубогы кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін команда кубог жолындағы жарастарда мүлде медаль алмаған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *