• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстаулықтар «Қарабура» – Нұрдәулет Жарылғаповқа сенім артады

    Тура бір айдан соң, 8 шілдеде Астанада өтетін қазақ күресінен ХІІІ республикалық «Қазақстан барысы» турниріне Маңғыстау облысынан «Қарабура» атымен танылған Нұрдәулет Жарылғапов қатысады.

    Бейнеулік Нұрдәулеттер осал емес. Солардың бірі – Нұрдәулет Қилыбай жақында Маңғыстау облысының 13-әкімі болды. Ал Нұрдәулет Жарылғапов 13-республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанса, берісі – Бейнеу мен арысы – Алаш қуанары анық. «Қарабураға» облысымыздан шыққан алғашқы «Қазақстан барысы» атануына мүмкіндік бар.

    2011 жылдан бері өтіп келе жатқан турнирдің жеңімпазы болу маңғыстаулық спортшыларға әзір бұйырмай тұр. Әр жылдары Асхат Аманов, Бақдәулет Абызов, Күнәлем Ержанов, Балтабек Төтенов, Мейрамбек Жаңабай, Игілік Ербол, Ғайса Қалмұханов, Жасұлан Таңатов, Нұрлан Қайыпбергенов және басқа да облысымыздың атынан қатысқан палуандар жүлде ала алмады. Бірақ Н.Жарылғапов 2016 жылдан бері сынға түсіп, 2021 жылы қола, 2022, 2023 жылдары екі рет күміс жүлдеге ие болды.

    Н.Жарылғапов «Қазақстан барысы-2024» турнирінде жеңіске жете алса, батыс аймағынан (Ақтөбе, Атырау, БҚО мен Маңғыстау) шыққан тұңғыш барыс балуан атанады.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *