Қазір спорт сүйер қауым мен студент жастардың назары – Маңғыстау облысында. Өйткені, Ақтау қаласында бұрын-соңды болмаған спорт бәсекесі болып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен 24 мамыр мен 24 маусым аралығында жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары өтеді. Универсиада – мәртебесі жағынан Олимпиялық ойындардан кейінгі екінші орындағы спорттық сайыс. Бірақ бұған дейін әр ...
Read More »Tag Archives: Маңғыстау облысы
Дзюдо: республикалық турнирдің екінші күні
Бүгін, 3 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы спорт кешенінде дзюдодан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында BASQUDYQ-JUDO OPEN CUP І республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Атырау облыстары атынан және өздерінің ынта білдіруімен жалпы жиырма төрт команда қатысып, 300-ден астам татами шеберлері бақ сынады. Екінші жарыс күні мына мықтылар жеңімпаз және ...
Read More »Маңғыстау облысында дзюдодан турнир басталды
Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында дзюдодан 2012-2013 жылы туғандар балалар арасында BASQUDYQ-JUDO OPEN CUP І Республикалық турнир басталды. Сайыстың алғашқы күнінде 21, 24, 27 және 30 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар мыналар: 21 кг: Махсетбай Б. (Маңғыстау обл. Мұнайлы); Нұрпейіс Н. (Атырау обл. Мақат); Амандық А. (Атырау обл. Жылыой); Үсенбай Д. (Маңғыстау обл. Бейнеу). ...
Read More »Маңғыстаулық спортшылар пара үстел теннисінен 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды
7-12 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы «Жеңімпаз» спорт кешенінде пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдаған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қаласы мен Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облысынан он бір команда қатысып, 100-ден астам спортшы бақ сынап, үздіктер анықталды. Ел чемпионатына маңғыстаулық үш спортшы қатысып, жүлде алды. Жекелей жүйеде: 1 орын — Динара Тынымбай; ...
Read More »Маңғыстау спортына жаңаша көзқарас керек
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Архимед Буркитбаев бастаған азаматтар Басқұдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Спорт мектебі 2015 жылы қолданысқа берілді. Бірақ әлі күнге стадионы жоқ. Үш спорт түрінен (грек-рим, дзюдо, еркін күрес) 150-дей спортшы үйірмеге қатысады. Бала көбейген сайын іші тарлық етеді. Ауламыздан стадион салынса ...
Read More »Бибізада ДҮЙСЕНБАЕВА: «Барлық аудандардың жедел жәрдем бөлімшелері жалдамалы ғимараттарда орналасқан…»
Маңғыстау облысының және Мұнайлы ауданының медицина мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибізада Әшімқызы ДҮЙСЕНБАЕВА SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының сұрақтарына жауап берді. -Сапалы медициналық қызмет облыстың барлық тұрғындарына қолжетімді деп айта аласыз ба? Бұл бағыттағы қызметтеріңізді қалай бағалайсыз? – Медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Денсаулық сақтау саласы бойынша жеке инвестициялар есебінен Жаңаөзен қаласында 175 ...
Read More »Қол күрестің білікті жаттықтырушысы студенттермен кездесті
Есенов университетінде біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Мұнайлы ауданында қол күресі спортын қалыптастырған спортшы Исембай Матенов пен шәкірті – әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Ыбырай Шолпанов дене шынықтыру және спорт мамандығының студентерімен кездесіп, сұрақтарға жауап берді. «Маңғыстау облысындағы армспорттың бүгіні және болашағы» деген тақырыптағы қонақ дәрісті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Нурсапа Ахметов ұйымдастырып, жүргізді. И.Матеновтің өзі осы ...
Read More »Стадион салынуға тиіс жер сегіз жылдан бері бос жатыр
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы салынуға тиіс учаске сегіз жылдан бері бос жатыр. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен аудан әкімі Ержан Күмісқалиев ол жерде бір жарым жылдан бері қоқыс контейнерлері мен электр бағаналары жатқанын біле ме екен? Бұл – балалар үшін қауіпті әрі зиян. Ал әкімдеріміз өз балалары бармайтын жер болғасын, басын ауыртқысы келмейтін ...
Read More »