• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстаулық спортшылар пара үстел теннисінен 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды

    7-12 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы «Жеңімпаз» спорт кешенінде пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдаған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

    Оған Астана, Алматы қаласы мен Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облысынан он бір команда қатысып, 100-ден астам спортшы бақ сынап, үздіктер анықталды.

    Ел чемпионатына маңғыстаулық үш спортшы қатысып, жүлде алды.

    Жекелей жүйеде:

    1 орын — Динара Тынымбай;

    3 орын — Майра Салиева.

    Жұптық жүйеде:

    3 орын — Сәбит Оразбаев (Маңғыстау обл.) пен Антон Камаров (Павлодар обл.);

    Аралас жұптық жүйеде:

    2 орын — Динара Тынымбай (Маңғыстау обл.) мен Антон Камаров (Павлодар обл.).

    Жарысқа дайындаған Маңғыстау облысының пара үстел теннисінен аға жаттықтырушысы Наурызбек Бақтығұл былай деді:

    — Павлодар қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдаған жастар арасында Қазақстан чемпионаты жақсы деңгейде өткізілді. Жарыста үстел теннисі столдармен жабдықталған арнайы спорт кешенінде болды. Жарыста ешқандай кемшілік болған жоқ. Инвалидтер арасында жарыс класқа бөлінеді.

    Бірінші кластан бесінші класқа дейін арбада отырып ойнайтын спортшылар болды және алтыншы кластан оныншы класқа дейін тұрып ойнайтын болып бөлінеді. Бізде аталған кластар бойынша бесінші класта өнер көрсеткен Динара Тынымбай чемпион атанды. Үшінші класта өнер көрсеткен Майра Салиева қола медал алды.

    Оныншы класта ойнаған Сәбит Оразбаев ақтөбелік Мағжан Мусаевпен жұптық сында бірге жұп болып ойнап үшінші орын алды. Тағы да Динара Тынымбай жарыс иесі Антон Камаров екеуі бірігіп аралас жұп болып екінші орын алды. Жалпы шәкірттерімнен үміт көп. Демеушілер демеп облыс әкімдігімен спорт басқармасы басшыларынан қолдаулар болса деймін. Жалпы, Мұнайлы ауданына жаттығу залдарын ашып, барлық құрал жабдықтарын алып берсе екен. Ауданда үйінде отырған мүмкіндігі шектеулі жандар өте көп. Мұнайлыдан зал ашып берсе деймін. Бұйырса, ашылып жатса Мұнайлының спортшылары Қазақстан мен әлемдік ареналарда Қазақтың көк туын желбірететіне спортшылар шығаруға мүмкіндіктер жасап берсе, чемпиондар шығатынына кәміл сенемін.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

    Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *