Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте Мейірім Нұрсұлтанов пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты.
Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысы орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салды.
Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді. Мейірім жекпе-жекте басымдылығын көрсетіп, сегізінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді.
Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.
Сөйтіп, Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19 рет жеңіске жетіп, WBO белдігін сақтап қалды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА