• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Видеодан скриншот

    Бақтиер Зайнутдинов алдағы матчтарда ойнай ма? – бас жаттықтырушының жауабы (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы 17 қарашада Сан-Марино мен 21 қарашада Словения командасымен болатын матчтарына қатыспайды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев айтты.

    Бақтияр Қазақстан құрамасы сапында алдағы матчтарда ойнамайды. Оның қай кезде емделіп шығатынын расы керек, білмейді екенмін. Дәрігерлер қашан емделіп шығатынын айтқан жоқ, — деді ол.

    Еске салсақ, бүгін «Бешикташ» клубы жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновқа Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехир» командасымен матчта алған жарақатынан кейін  ота жасалғанын хабарлады.

    Бақтиер Зайнутдинов матчтың 37-минутында жарақат алған соң, мұрнына операция жасалды. Оның мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды, – делінген хабарламада.

    Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақатына байланысты мәлімдеме жасап, оның  ұлттық құраманың алдағы матчтарында алаңға шықпауы мүмкін екенін айтқан болатын.

    Ал Бақтиер Зайнутдиновтың мұрнын сындырған «Ыстанбұл Башакшехир» командасының ойыншысы Жером Опуку барлық жанкүйерден ойын кезінде Қазақстан футболшысын жарақаттағаны үшін кешірім сұрады.

    Мен осы оқиғадан кейін нәсілшіл мағынадағы көп сөздер естідім. Маған көп комментарий келді. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Мен оны әдейі жарақаттаған жоқпын. Кешірші мені, бауырым! Саған тез жазылып кетуіне тілектеспін!, — деді ол.

    Енді Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі соңғы екі ойынын Бақтиер Зайнутдиновсыз өткізеді. Ұлттық құрама Астанада 17 қарашада Сан-Мариномен, 21 қарашада мырт алаңда Словения командасымен ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *