• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.kz

    Бақтиер Зайнутдиновқа ота жасалды

    «Бешикташ» клубы жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновқа Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехир» командасымен матчта алған жарақатынан кейін  ота жасалғанын хабарлады.

    Бақтиер Зайнутдиновқа матчтың 37-минутында жарақат алған соң, мұрнына операция жасалды. Оның мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды, — делінген хабарламада.

    Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақатына байланысты мәлімдеме жасап, оның  ұлттық құраманың алдағы матчтарына алаңға шықпауы мүмкін екенін айтқан болатын.

    Дәрігерлердің қорытындысы шықпағанша Бақтиердің жарақаты қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада Бақтиердің қал-жағдайы туралы хабарлайтын боламыз, — деп мәлімдеді ҚФФ.

    Ал әзірше Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны белгісіз.

    Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі екі ойынның біреуін Астанада, екінші матчын сырт алаңда өткізеді. Ұлттық құрама 17 қарашада Сан-Мариноға,  21 қарашада Словения командасына қарсы ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *