• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    facebook.com/iliyas.zholdas

    Шымкенттің Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшысы келді

    Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшысы келді. Бұл туралы Facebook-те журналист Ілияс Жолдас айтты.

    Басқармаға жаңа директор болып халықаралық дәрежедегі спорт шебері Маратбек Мықтыбеков тағайындалды.

    Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысы Бәйдібек ауданында туған. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

    Көп жылдары спорт саласында түрлі лауазымды қызметте, соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиялық даярлау орталығының директоры, Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

    Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мегаполис қаланың спортының даму үстінде екендігін, Азия ойындарындағы спортшылар көрсеткен  жетістікті  келесі жылы Францияның Париж қаласында өтетін Олимпиадада қайталау үшін жүйелі жұмыстар жасау керектігін айтты.

    Сонымен бірге қала әкімінің орынбасары Шымкентте бұқаралық дене тәбиесімен айналысушылардың қатарын көбейтуді тапсырды.  Осы мақсатта жұмысқа жаңаша көзқараспен қарау керектігін ескертті.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *