Ауылда орта мектепті оқып бітіргеннен кейін көптеген баланың арманы жоғары оқу орындарына келіп түсіп, білім алу. Әрине, арманы биік, мақсаты зор талантты да талапты бала қалайда дегеніне жетеді. Ал, сол бағы жанып, үлкен оқу ордасына түсіп жатқан жасөпірімдердің өміржолындағы негізігі тұрағы, жатар жайы ол жатахана болары белгілі.
Иә, әрине кейбірінің тамыр- танысы болғандықтан жеке пәтерге шығып кетініндері де кездеседі. Дегенменде ауыл балаларының көпшілігі жатаханадан жай тауып орналасады. Сондықтанда жатахана жас студенттер мен үлкен спорт мектеп-интернаттарына келіп оқуға түскен жасөспірімдер үшін екінші үйі болып қалары анық.
Бүгінгі айтар әңгіме Алматыдағы Қаркен Ахметов атындағы Олимпиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі жайлы болмақ. Нақтырақ айтсақ білім мен спортты қоса алып жүрген үлкен оқу ордасындағы спортпен шыныға жүріп білімін шыңдалған талантты спортшылар жататын жатахана туралы сөз қозғаймыз.
Ауылда ата-анасының қасында мейіріммен, қамқорлық көріп өскен жасұлан шетке жат жерге қоныс аударып барып тұрғанда жерсінбей, жатырқап үйреніскенше біраз уақыт өтетіні рас. Айтулы мектептің табалдырығын аттаған жасөрендер 7-сыныптан бастап ата-анадан жырақ жерде өмір сүруге тура келеді. Спортты жан тәнімен қалап, өмірдің ауыртпалығына төселген балалар жатахана өміріне де үйреніп сіңісіп кетеді. Ал, ата-анасынының қасынан қарсы қадам шықпай, кездейсоқ келіп оқуға түскен жасөпірімдер шыдамай кетіп қалып жататынын да бар. Жатахана өмірі туралы жақынырақ білу үшін Алматыдағы еңселі білім шаңырағы Ахметов атындағы мектеп-интернаттағы балалар жатаханасына барып бас сұққанымызда, бізді Нүргүл, Алтынай, Мөлдір есімде былайша айтқанда жасөспірімдердің екінші аналары болып кеткен, осы жатахананың тәрбиешілері жылы шыраймен қарсы алды. Жатаханада бірнеше спорт бөлімінің оқушлары тұрады екен. Атап айтсақ, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, бокс, таэквандо, семсерлесу, баскетбол, жүзу, су добы, велоспорт, ескек есу, үйлесімді жүзу спорт түрлерінде оқитын оқушылар. Жатаханада тұрып жатқан оқушылардың саны 280 болса, оның 39 қыз 241 ұл бала. Айталық, бірінші қабатта дәрігерлік бөлме, физиотрепия және психолог мамандары отыратын бөлмелер бар. Балалардың бас ауырып балтыры сыздай қалса алысқа шапқыламай төменгі қабатқа түсе салса болғаны жоғары деңгейдегі мамандардың қызметін ала алады екен. Сонымен қатар, жасөспірім спортшылардың жатаханада сабақ оқуға арналған бөлмесісі мен демалып отыратын бөлмелер есігін айқара ашқан.
Алдымен кірген бөлмеміз бокс бөлімшесіне түскен жасөспірім былғары қолғап шеберлері болды. Оқушылардың спорт пен білімді қамтитын оқу орнына балдай батып, судай сіңісіп кеткендерін мақтанышпен айтқандарын тыңдап үлкен әсерде қалдық. Қолдарына кітаптарын құшақтаған ұлдардың білімге деген құштарлығы, ой өрісі талабы таңғалдырды. Балалар оқуда ғана емес, спортта да жеткен жетістіктері бірталай екен. Армандары асқақ, Олимпиада, әлем чемпиондары атанып қазақ елін әлемге таныту. Келесі барып есік қаққан бөлме дзюдо күресінен айтулы мектептің ғана емес, еліміздің атын халықаралық жарыстарды абыроймен қорғап жүрген балуан қыздар болып шықты. Ауылдан ағалары келіп қалғандай жанталаса жүгіріп алдымыздан шыққан бойжетіп қалған балуан қыздарымыздың ауыл қазағына тән қонақжайлығын көрсетіп бізге «Кіріңіздер! келіңіздер!», деп көрсетіп жатқан қазақы қонақжайлылығына көңіліміз толып, риза болдық. Иә, ауылдағы ата-ананың тәрбиесі ол бір академия шығар. Бөлмеде төрт қыз жатады екен. Қыз балалардың бөлмесе қалай болатынын айтпаса түсінуге болады. Бөлме іші тап-тұйнақтай таза, оқулықтары сөрелерде тізіліп тұр. Сұлужан, Айымзада, Сағира есімді 11 сынып оқушылары дзюдо күресімен айналысады екен. Мысалы, Сұлужан Әділбекқызы Ақтай Түркістан облысынан келіпті. Сұлужан дздю күресінен Ресей және Өзбекстанда өткен халықарылық жарыстарда алтын жүлделерді жеңіп алса, Түркияда күміс жүлдеге ие болыпты. Ал, үлкен салмақта талай жетістіктерге жетіп жүрген Атырау облысынан келген Айымзада Думанқызының жүлделері де қабырғаны алып тұр. Айымзада күреске 13 жасынан бастап барған екен. Алғашқы ірі жекпе-жегі Астана қаласында өткен ел чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, ұлттық құрама қатарына алынған. Алматыда өткен Азия чемпионатында қола жүлде, Беларусьте өткен халықаралық жарыста екінші орынға дейін жеткен. Ал, осы бөлмеде жататын үшінші балуан қыз Сағира Әділ Талдықорған жақтағы Текелі ауылынан келіп түскен екен. Сағираның да күрестегі жеңіс жолы табыстарға толы. Айталық, Сағира самбо күресінен әлем чемпионатында қола жүлде, Қазақстан чемпионатында алтын жүлдеге ие болса, дзюдо күресінен Қазақстан чемпионатында бірінші және үшінші орындарды жеңіп алған жан-жақты балуан қыз.
Осылайша біз кіріп бас сұққан бөлмедеге үш балуан қызымыздың үшеуі де Қазақстан мен халықаралық жарыстарда жеңіп алған жүлделері бір қоржынды толтыратындай салмақты. Бізді ең басты таңғалдырғаны, бөлме ішінде бір қабырғаға керіп тартып қойған еліміздің көк байрағы болды. Қазақ елінің нағыз патриоттары ғана осындай ел байрағын бөлмесіне іліп қояды деген ойда қалдық. Балуан қыздардан сұхбат ала отырып, олардың туған елінің туын биіктен желбіретуге әрқашанда дайын екендігін естіп әбден тәнті болдық. Балуан қыздар сөз арасында жатахананың өмірі жандарына жайлы екенін, бұл мектеп-интернатта өзге жақтағыдай ешқандай шектеу, қысым болмайтындықтарын айтып берді. Сонымен қатар, қыздар асханадағы берілетін тамақтардың тіл үйретін дәмділігін әсерлеп айтып, тәбетімзді аша түскендей болды. Ең маңызды ол қолдау, қамқор болған жерде табыста көп күттірмесі анық.
Бұл бағытта айтулы мектеп-интернаттың директоры Ернар Таласбекұлының атқарып жатқан жұмысы оқушылар үшін оң бағасын табуда. Міне, жатахана өмірі осындай. Хакім Абайдың «Интернатта оқып жүр, Талай қазақ баласы. Жаңа өспірім көкөрім, Бейне қолдың саласы», дегендей көп оқып білуге, спортта биік мақсаттарға жетуге талап қылып оқумен спортты бірге алып жүрген жасөспірімдерге біз қызыға да қуана қарадық. Өйткені, елім деген осындай нағыз патриот ұл-қыздарымыз қазақ елінің жарқын болашағы.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ