• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    championat.com

    «Реал Мадрид» клубы ойыншылардың жарақатына УЕФА мен ФИФА-ны айыптады

    Футболдан Испанияның «Реал Мадрид» клубының  басшылығы команда ойыншыларының көп жарақат алғанына  Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) наразылық білдірді.

    Marca журналисі Хавьер Бирланганың хабарлауынша, Мадридтің клубы бұл оқиғаға Испания Корольдік футбол федерациясына (RFEF), Ла Лигаға, Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) кінә артып жатыр.

    «Реал Мадрид» басшылығы күнтізбенің шамадан көп болуының кесірінен футболшылар көп жарақат алып жатыр деп есептейді.

    «Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Колумбия командасына қарсы Бразилия құрамасында ойнап жүргенде жарақат алып, ақпан айына дейін алаңға шықпайтын болды. Команданың жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга Франция құрамасымен жаттығу кезінде жарақат алды. Енді ол 8-10 апта бойы ойнамайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *