• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Теннисші Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

    Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт Жұқаев 187-орыннан 186-ға көтерілді. Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.

    Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.

    Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.

    Жұптық сында Анна Данилина – 56, Е.Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *