• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    AFP

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Словениядан жеңілді (ФОТО, ВИДЕО)

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Словения командасына есе жіберді.

    Ұлттық құрама сапында жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бауыржан Исламхан мен Бақтиер Зайнутдинов ойнаған жоқ.

    Мачта Қазақстан құрамасында алаңға Шацкий, Вороговский, Әліп, Марочкин, Малый, Быстров, Оразов, Қуат, Бейсебеков, Чесноков пен Самородов шықты.

    Ойында бірінші болып алаң иелері есеп ашты. Мачтың 41-минутында Игорь Шацкийдің қақпасын пенальтиден Беньямин Шешко дәл көздеді. Ал 47-минутта Рамазан Оразов таразы басын теңестірді. Бұдан кейін ұлттық құрама бірнеше шабуыл жасады.

    Ойынның 86-минутында словениялық Беньямин Вербич екіншгі голды салып, құрама командасына жеңісті сыйлады.

    Осылайша Қазақстан қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Құрлықтық доданың финалдық сатысына Словения құрамасы жолдама алды.

    Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ұлттық құрама  Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) командаларын бір мәрте жеңсе, Cолтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) құрамаларынан екі рет басым түсті. Дания (1:3), Словения (1:2), Финляндияға (0:1) есе жіберді.

    Енді Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы шығуына мүмкіндігі бар. Келесі ойын 2024 жылдың наурыз айында «Төрттік турнирінде» сырт алаңда Грекиямен болады. Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург кездеседі. Осы матчтарда жеңген командалар бір-бірімен финалда кездесіп, ойынды жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады. Егер Қазақстан құрамасы Грекия командасын жеңсе, онда өз алаңында Грузия-Люксембург матчында жеңген жасақпен кездеседі. Бұл мүмкіндік еліміздің бас командасына 2022/2023 жылдардағы маусымда Ұлттар лигасындағы С тобында бірінші орын алғаны үшін беріліп отыр.

    Қазірге дейін құрлықтық доданың финалдық сатысына Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия, Аустрия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Нидерланд, Швейцария, Румыния, Сербия құрамалары шықты. Ал Германия чемпионатты ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА


    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *