• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    УЕФА Ұлттар лигасы:  Қазақстан құрамасы Израильмен екі ойында бір ұпай алды

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстанның Тельки қаласында Ұлттар лигасында Израиль командасымен екі матч өткізді. Бірінші ойында отандастарымыз қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңілсе, екінші ойында 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Бірінші матч аса тартысты және қызықты болды. Қазақстан қақпасына екі гол бірінші таймда соғылды. Ал екінші таймда әйелдер құрамасы есепті қырқартқысы келгенімен онысынан ештеіе шықпады. Керісінше, төрт сары қағаз алып, ойынның соңына дейін есепті ұстауға тырысты. Ал екінші ойында отандастарымыз бірінші матчтағы қателіктерді ескеріп, соны болдырмауға тырысып ойнады. Сонда да қарсыластар қақпасын дәл көздей алмады. Матчтың соңына дейін таблодағы есеп еш өзгермеді.

    Енді ұлттық құрама Эстониямен 1 желтоқсанда, Армениямен 5 желтоқсанда ойнайды. Екі матч та  «Астана Арена» стадионында болады.

    Қазақстан – Израиль – 0:0

    Қазақстан: Портнова (в), Демидова (Лозукова 46), Айтымова, Мясникова, Гайстенова, Жұмабайқызы (Хайруллина 72), Низамутдинова, Нурушева, Тұрлыбекова (Садықова 73), Қаражанова (Кеңес 86), Алданазар (Берікова 46);

    Бас жаттықтырушы: Мадияр Кембілов;

    Израиль: Рубин, Читман (Селимходжич 46), Ахтель, Алмасри (Штайншнайдер 62), Накав, Хазан (Халил 62), Морин (Авиталь 76), Соммер, Авад, Шараби, Элинав;

    Бас жаттықтырушы: Эрез Бельфер;

    Төрешілер: Джансу Тряк, Мурвет Явузтүрк, Арзу Горгун, Мелиз Озчигдем (барлығы Түркиядан).

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *