• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Luca Bruno

    «Милан» құрамында алаңға 15 жастағы жасөсіпірім шықты

    Бүгін Италияда «Милан» мен «Фиорентина» клубтарының матчында алаңға тұңғыш рет жас футболшы шықты. 15 жастағы жасөспірім ойынның 82-минутында Лука Йовичті алмастырды, деп хабарлады rast.kz хабарлады.

    Матчта «Милан» Флоренцияның командасын 1:0 есебімен жеңді. «Сан-Сиро» стадионында болған ойында бірінші таймға қосылған уақытта миландық Тео Эрнандес өз командасына пенальти алып берді. Сосын оны өзі қақпаға дәл тепті.

    15 жастағы Франческо Камарда командаластарының жарақат алуына байланысты құрамға шақырылды.

    Камарда осы кезге дейін жасөспірімдер деңгейіндегі 89 матчта 485 гол салған. Ол биылғы жазда «Миланның» 19 жасқа дейінгі командасы құрамына шақырылған. Содан бері клубтың сапында 13 матчқа қатысып, 7 гол салып, 2 нәтижелі пас берген.

    Бұған дейін «Болоньяның» қорғаушысы Уиздома Амейге Италинның А сериясындағы ең жас ойыншы болған. Ол 2021 жылдың мамыр айында команданың «Дженоамен» ойынына 15 жастан 274 күн асқанда шыққан. Бірақ алаңда екі минуттай ғана ойнаған. Содан кейін А сериясында ойнамаған.

    Ал Камарда қазір 15-тен сегіз ай, яғни 240 күн асып отыр. Ол ойыннан кейінгі қосымша уақытты қосқанда, алаңда 15 минут болған. Осы уақытта ол аяғын бірнеше рет қана допқа тигізіп үлгерген.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *