Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады.
Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді.
Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.
Одан кейін Мексика құрамасынан (0:0, 2:1 — пенальтиден), Чехия командасынан (3:3, 3:2 — пенальтиден), Әзербайжан жасағынан (3:2) басым түсті.
Бұған дейін ел құрамасы 2015, 2017 жылдарда әлем чемпионатында 11-орын алған еді.
Биылғы чемпионатта құрама команда Қарағандының «Биосфера» клубынан жасақталды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА