• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шорт-трек құрамасы төрт құрлық чемпионатында алғаш рет жүлде жеңіп алды

    Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатында спорттың осы түрінен ұлттық құрама алғаш рет қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Соңғы күні 3 000 метрге жарыста еліміздің әйелдер құрамасы мәреге үшінші жетіп, қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Әжіғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті. Қазақстан құрамасының уақыт көрсеткіші – 4.16.200 секунд.

    Бас жүлдені Канаданың спортшылары жеңіп алды. Оңтүстік Корея күміс медальге ие болды.

    Төрт құрлық чемпионаты 2020 жылдан бері Халықаралық коньки тебушілер одағының (ISU) ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Оның мақсаты – Еуропадан басқа құрлықтағы спортшылардың арасында жарыс өткізу. Алғаш рет ол 2020 жылы Канаданың Монреаль қаласында өтсе, одан кейін 2022 жылы  АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында жалауын желбіретті.

    Бұл жарыста2020 жылдан бері Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Қытай, Жапония мен Қазақстан медаль жеңіп алған.

     

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *