• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ҚФФ ALAÑ жобасы бойынша алғашқы футбол алаңын ашты

    Ақтөбе қаласындағы №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы қайта жаңғыртылды. Жобаның негізгі мақсаты – футбол инфрақұрылымының сапасын арттыру және бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Жаңартылған алаңның ашылуына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысты.

    Еске сала кетсек, биыл Қазақстан футбол федерациясы мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында еліміздегі футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасын іске қосқан болатын. Үш жылға арналған бағдарламаға УЕФА қолдау көрсетеді.

    Арайлы Ақтөбе өңірінде Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылды.  Бұл – «Алаң» жобасы бойынша елімізде пайдалануға берілген алғашқы футбол алаңы. Біздің стратегиямызда көрсетілген басты міндеттер балалар футболын дамытып, бұқаралық футбол үшін қолайлы жағдай жасау.  Енді осы алаңда балалар жаттығу жасап, бұқаралық футболдан жарыстар ұйымдастырылады. Жаңа алаңда Қазақ футболының болашақ жұлдыздары шығады деп кәміл сенемін!, – деді Әділет Бәрменқұлов.

    Биыл Ақтөбеден бөлек, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысында да футбол алаңдары жаңартылады. Қазіргі уақытта 2024 жылға арналған футбол алаңдарын жаңартуға өтінімдер қабылданып жатыр. Келесі жылдың өтінімдері осы сілтеме арқылы 2023 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

     

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *