• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ балуаны UWW шешімімен қазан айының үздік спортшысы атанды

    Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling — грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы, — ред.) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады. 

    Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жақында Албанияның астанасы – Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын жеңіп алды.

    Сөйтіп, Сұлтан Әсетұлы 23 жасқа дейінгі жастар арасында əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны болды.

    Әйелдер арасында америкалық Эмит Элор айдың үздік балуаны атанды. Ол да жастар арасындағы әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын жеңіп алған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: gov.kz

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *